Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ұжымы Президент үндеуін қолдайды

WhatsApp Image 2022-01-11 at 12.27.10.jpeg


Бүгін, 11 қаңтарда сағат 11:15-те мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламент мәжілісінің отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысы  еліміздің жаңа Премьер-министрінің кандидатурасын ұсынды. Сондай-ақ елімізде орын алған қайғылы жағдайда, бассыздық әрекеттің салдарынан туындаған  зардаптарды,  саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасады.

 

Тікелей эфирде өткен баяндаманы ҚазИТУ ұжымы да жұмыла тыңдады. Университет ұжымы ел басына күн туған сындарлы сәтте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған үндеуінде болашағымыздың жарқын болатынына уәде бергені бәріміздің көңілімізге сенім ұялатты дейді. Сондықтан Мемлекет басшысы  тарапынан атқарылып отырған  саналы қадам мен игі бастамаларды толықтай  ҚазИТУ ұжымы қолдайды.

 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейне байланыс арқылы Парламент мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздегі саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасап, нақты тапсырмалар берді.

Еліміздің мақсаты айқын. Мемлекет басшысы баяндамасында білімділік, заманауи сынақ-қауіптер мен трендтерге сапалы, тұрақты және әділ білім беру арқылы жауап беретіндігіне де тоқталды. Жастардың мәселелерін жан-жақты қарастырып, алғашқы жұмыс орны, еңбекке араласуына мән берілді. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін жастарға грант бөлу мәселесі де көтерілді. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорын құру туралы тапсырмасы – кезек күттірмей шешілуге тиісті өзекті әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға үлкен қолдау болатындығы сөзсіз. Жастардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыруды отбасы, білім беру мекемелері, жалпы қоғам бірлесе атқаратын келелі мәселе екендігіне тоқталды», - деп атады Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Гүлнар Сәрсенбекова.

 

WhatsApp Image 2022-01-11 at 12.27.10 (1).jpeg


Сонымен қатар, университет басшысының айтуынша, қоғам алдындағы жауапкершілікті, өркениетке қосар үлесін Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті ұжымның әрбір мүшесі сезінеді. Еліміздің өркендеу жолында ұжым болып бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, адал еңбегімен үлес қосады. 

«Еліміздің басты құндылығы – Тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, баянды болып, жаңа Қазақстанның даму жолында Президент көтерген мәселелердің шешімін табатындығына сенеміз», - дейді ректор.

 

Осы орайда профессор Г. Котошева: «Елімізде орын алған лаңкестік топтардың  ұйымдастыруымен болған, әр қазақстандықтың жадында  мәңгі қалатын қайғылы жағдайда, Мемлекет басшысының астарлы саясаты мен жедел шешімінің арқасында Егемен еліміздің Тәуелсіздігін аман  сақтап қалдық. Бұл да Президентіміздің халықпен бірге болып, қиын қыстау  кезеңде демеу беріп, қолдағаны деп білемін. Бүгінгі  баяндаманы тыңдай отырып, бейбіт болашаққа деген жүрегімізге сенім оты ұялады. Алдағы уакытта Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Егемендігіміз еңселі болатынына толықтай сенім білдіремін», - деген  пікірін қосты.


WhatsApp Image 2022-01-11 at 12.27.09.jpeg


Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде  «ең алдымен, еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыруды мықтап қолға алу қажет. Экономикалық саясатымыздың мақсаты – айқын. Бұл – заман талабына сай әлеуметтік бағдары бар нарықтық экономика құру және дамыту» керектігін баса айтты. Мемлекет басшысы білім беру саласында үлкен жандану қажеттігін жеткізді. Гуманитарлық мамандықтарға қарағанда енді техникалық мамандықтарға басымдық берілу керектігі, инженерлер мен өндірісшілердің жаңа буынын дайындау қажеттілігі айтылды. Бұл өз кезегінде дәл осы салада мамандар дайындап отырған Қазақстан инженерлік-технологиялық университетіне үлкен жауапкершілік екендігін жеткізді университет басшылығы. Президент Үндеуіне үн қосқан университеттің өзге де мамандары өз ойларымен бөлісті. ҚазИТУ есептеу техникасы, автоматтандыру және телекоммуникация кафедрасының меңгерушісі Аманжол Бектемесов: «ҚР Парламент мәжілісінде президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына айтылған үндеуін барлық тармақтары бойынша қолдаймын. Атап айтқанда, елімізде білім беруді дамыту және өнеркәсіптік секторларды қолдау міндеті айтылды. Менің ойымша, ҚР-да білім беру толығымен реформаланатын болады. Осылайша, біз елдің білімі мен білім беру мәселесін түбегейлі шешеміз. Мемлекет басшысы елімізде қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту жөнінде міндет қоя отырып, кадрлық әлеуетті де көздеу маңыздылығына тоқталды. Заман талабына сай мамандарды дайындау мәселесі айтылды. Бүгінде цифрлық дәуір кезеңінде осы саладағы отандық мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың уақыты келді. Бұл әсіресе осы салада кадрлар даярлайтын біздерге үлкен жауапкершілікті жүктейді. Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті есептеу техникасы, автоматтандыру және телекоммуникация кафедрасы бұл жолда жаңашылдық пен сапалы қызмет етуге дайын», - деген ойын жеткізді. Ал ҚазИТУ Баспасөз қызметінің жетекшісі Әсем Ерланқызы: «Соңғы күндері елімізде орын алған жағдай әр қазақтың жүрегінде ойып тұрып орын алды, бұл тарих! Халқымыздың қабырғасы қайысып, абдырап қалды.Осы тұста Тәуелсіз мемлекетіміздің тұтастығын сақтау барша адамзатқа парыз екендігін естен шығармау керек.Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Парламент Мәжілісі отырысында айтқан баяндамасын зер салып тыңдадық, жарқын болашаққа айқын міндеттер қойылды. Әсіресе,   Мемлекет басшысының 2025 жылға қарай ел аумағында танымал жоғары оқу орындарының кемінде 5 филиалын ашу қажеттігін атап өткені ерекше қуантты. Еліміздің басты байлығы да, болашағы да жастардың қолында. Сапалы білім мен саналы тәрбиені ту етіп, болашаққа зор мақсатпен қадам бассақ, «Қазақ елі» атты мұнараның қабырғасы берік болмақ», - деген пікірімен бөлісті. Елімізде болып жатқан қоғамдық мәселелер де белсенді жастар да өз үндерін қосып, азаматтық позицияларын танытты. Мәселен, Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің 2 курс студенті Бақдәулет Ертуғанов Қазақстанның жаңа даму кезеңі деген көзқарас танытып: «Ең ауыр күндер тізбегі аяқталып, «Жаңа Қазақстанның» тыныс-тіршілігі жанданып келеді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз еткен полицей қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және де қолдау көрсеткен барша қазақ халқына өз алғысын білдірді. 1 сағаттық мәлімдемені ұйып тыңдадым. Президентіміз өзекті мәселелерді көтеріп, алдағы уақытта оның орындалуын тапсырды. Бірнешеуіне тоқтала кетсем: жастарға жаңа жұмыс орындары ашылмақ; техникалық мамандықтарға басымдық беріледі; 5 жаңа жоғарғы оқу орны ашылады (оның екеуі батыс аймақта); Атамекен гранты (бизнес бастауға) 400 АЕК 1 166 800 теңгеге дейін өседі. Президент: бұл Қазақстанның жаңа даму кезеңі болады деп сөзін аяқтады. Мен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарға деген білім-ғылым жөніндегі бастамаларын қолдаймын! Еліміздің өркендеуіне өз үлесімді қосуға дайынмын. Күшіміз бірлікте!», - деген ойын ортаға салды.


XXXL.jpg



Ұқсас тақырыптар