Glovo компаниясы тонаушылардың әрекеттерінен зардап шеккен алматылық мейрамханаларға қолдау көрсетіп, жеткізу қызметін тегін пайдалану мүмкіндігін бермек. Пайызы нөлге тең комиссия бір айға созылады. Компания осы жеңілдіктерді өтеуге бес миллион теңге көлемінде қаражат бөлді. Ал мейрамханалар осы жеңілдікті пайдаланушыларды қосымша ынталандыру үшін пайдалана алады. Сонымен қатар, қолданбада «Тапсырыс бер-қолда» деп аталатын қосымша тармақ ашылады. Сервис осы мейрамханаларға тапсырыс беру арқылы кәсіпкерлерге демеу көрсетуге шақырады.
«Тәртіпсіздіктер барысында 30 астам қоғамдық тамақтану орнына зақым келтірілді. Платформаның серіктестері арасында 17 мейрамханаға түрлі дәрежеде зиян келтірілген. Біз кәсіпкерлерге қолдау көрсетуіміз керек деп шештік. Мейрамханалар тапсырыстарының көп бөлігін жеткізуге шығарса, тезірек қалпына келе алады деген ойдамыз.», - деп Қазақстандағы Glovo бас менеджері Богуспаев Карим өз ойымен бөлісті.
Сонымен қатар, «Қызыл Ай» қоғамының көмегіне жүгінген қала тұрғындарына да сервис тарабынан көмек көрсетілді. Компания екі жүз азық-түлік жиынтығын берді, сондай-ақ мұқтаж жандарға азық-түлік жиынтықтарын Glovo курьерлері де жеткізіп берді. Мұндай қайырымдылық шаралары компания үшін үйреншікті іс және де Glovo Access ғаламдық бағдарламасы және әлеуметтік жауапкершілігі аясындағы басым бағыттардың бірінен саналады.
Интернетсіз және телефон байланысынсыз өткен уақыт өмірдің түрлі саласында машықтың болуы қажеттігін көрсетті. Сол себепті компания қазірден бастап «Курьерлерге арналған тұғыр» атты оқыту курстарын ашу бойынша жұмысты бастап кетті. Осы курстың аясында серіктес курьерлер білім алып, өз ісін аша алады.
Назигүл Жақыпова