Бүгін Бейжің Олимпиадасында конькимен жүгіруден әйелдер арасында 1500 метрге жүгіруден жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Mezgil.kz.
Бұл сында Қазақстан намысын Екатерина Айдова мен Надежда Морозова қорғаған болатын. Олар жарысты тиісінше 14 және 18-ші орындарда аяқтады.
Бұл сында олимпиадалық рекорд орнатқан Ирен Вюст (Нидерланд) жеңіске жетті. Екінші орында жапондық Миха Такаги. Үздік үштікті тағы бір нидерландтық Антуанетте де Йонг тұйықтады.