Huawei компаниясы Intel компаниясының процессоры қойылған жаңартылған MateBook D ноутбуктарын ұсынад

MateBook_PR_Artboard-3.png


2022 жылғы 11 ақпанда Қазақстанда Huawei MateBook D ноутбуктарының жаңартылған сериясы сатылымға шығады. 2020 жылы Ресейде бестселлер болған бес ноутбуктың ішіне кірген, AMD чипімен жұмыс істейтін Huawei MateBook D 14/15 ноутбугын пайдаланушылар түрлі сценарийлердегі жұмысының жақсы теңгерімі үшін жоғары бағалады. 10-шы буындағы Intel Core i5 жетілдірілген процессоры қойылған жаңа үлгілер бұрынғы құрылғылардың барлық артықшылықтарын сақтай отырып, одан да қуатты әрі жақсырақ бола түсті.

 

Жақтаусыз экран

 

Ноутбуктарға IPS-матрицалы, ажыратымдылығы Full HD және қабырғаларының ара қатынасы 16:9-ға тең экрандар орнатылған. Үш жағындағы жақтаудың жіңішке болуы арқасында экранның пайдалы ауданы 90%-ға ұлғайды. Оған қоса, ноутбуктар экрандарының TÜV Rheinland компаниясы берген көзді талудан және күш түсуден қорғауды қамтамасыз ететін көк түстен және жыпылықтаудан қорғаныс сертификаты бар, ал күңгірт жабыны сізді экранға түскен жарықтың зиянынан сақтайды.

 

Сондай-ақ MateBook D 14 180° дейін ашылады. Сөйтіп, ол жұмыс істеу үшін де, демалыс үшін де ыңғайлы болады. Оны кез келген күйде жайлы қолдануға болады.

 

MateBook_PR_Artboard-1.png


Жеңіл әрі жіңішке корпусы есебінен туындаған ықшамдылық

 

Жаңа ноутбуктардың корпусы мықты әрі жеңіл алюминий қорытпасынан жасалған, ал қақпағы бір қолмен ашылады. MateBook D 15  салмағы 1,56 кг тең (корпусының қалыңдығы 16,9 мм), ал MateBook D 14 — 1,38 кг тең (корпусының қалыңдығы небары  15,9 мм), осының арқасында оны сөмкедегі немесе рюкзактағы орынды ойламастан, саяхаттауға немесе іс сапарға алып жүру өте ыңғайлы.

 

Бүкіл өнім Type C типті зарядтау жабдықтарын қолданады, яғни зарядтау жабдықтарын өзара ауыстырып, смартфонды да жылдам зарядтап алуға болады, ал кабельді деректерді жіберуге пайдалануға ыңғайлы. Экожүйе аясында басқа құрылғылармен интернетсіз, сымсыз, NFC және Bluetooth арқылы байланыс орнатылады.

 

Ноутбуктардың қуат беру батырмасына кіріктірілген саусақ іздерінің сканері жүйені құпиясөзді теруге уақыт жұмсамай, іске қосу мүмкіндігін береді. Корпуста жасырынған веб-камера рұқсатсыз пайдалану мүмкіндігін жоққа шығарып, пайдаланушының жеке деректерін сенімді қорғайды. Бұл көріністі көлемді дыбыс шығаратын стереожүйе толықтыра түседі.

 

MateBook_PR_Artboard-2.png


Керемет автономдық және жылдамдық

 

MateBook D 15-ке сыйымдылығы 42 Вт*сағ аккумулятор орнатылған, ол 7,5 сағат бойы бейнежазба көруге немесе кеңсе қолданбаларымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. MateBook D 14-те сыйымдылығы 56 Вт*сағ аккумулятор қолданылады, ол ноутбукқа сақталған бейнежазбаны 13,2 сағат бойы көруді мүмкін етеді. Ноутбукты 1 сағаттың ішінде-ақ 70% дейін зарядтап алуға болады.  MateBook D жаңа буынына Shark Fin 2.0 желдеткішімен бірегей салқындату жүйесі орнатылған. Ол ауаның ағымын тиімді үйлестіріп, жылы ағымды бұрып, ноутбукты үздіксіз жұмыс істеу үшін жылдам әрі тыныш салқындатады.

 

10-шы буындағы Intel Core i5 негізінде жұмыс істейтін Huawei MateBook D 14 және MateBook D 15 ноутбуктары әрекетке тез жауап қатып, көп мәселелі режимдерде де жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді. Кіріктірілген Intel UHD Graphics бейнекартасы түрлі қолданбалармен жұмысқа кепілдік береді.

 

Барлық жаңартылған MateBook D 14 және MateBook D 15 ноутбуктары 16 ГБ екі арналы DDR4 жедел жадымен және PCIe интерфейсті сыйымдылығы 512 ГБ қатты денелі жинақтағышпен жабдықталады. Бұл деректерге жылдам қол жеткізуге және операциялық жүйенің тез жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

 

MateBook_PR_Artboard-4.png


Фань Цзиньюн, Қазақстандағы және Орталық Азия елдеріндегі Huawei Device директоры жаңа құрылғылар туралы:

- «Huawei қазақстандықтарға жай ғана жаңа ноутбуктар сериясын ұсынып отырған жоқ, ол басқа девайстарды, яғни смартфондарды, планшеттерді, құлаққаптарды қосып, оларды басқаруға мүмкіндік беретін біздің жаңа экожүйеміздегі негізгі құрылғыларды ұсынып отыр. Мысалы, Huawei смарфтонын жалғап, сіз: файлдарды аудара аласыз, ойындарды, фильмдерді қоса аласыз, смартфонды бала ойнап отырған бөлмеде қалдырып, оны өзіңіздің лэптоп экранындағы камераңыз арқылы бақылай аласыз – бұл ата-аналарға ұнайтын функция. Сонымен бірге MatePad 11 планшетін жалғап, оны екінші монитор, графикалық планшет ретінде қолдана аласыз.

Бір экожүйедегі бірнеше құрылғының осынша тиімді жалғану мүмкіндігі бізде ғана бар, ал жаңа қуатты процессор D сериясының үлгілерін жұмыс істеуге және үйде көңіл көтеруге арналған құрылғылар арасындағы таңдауда нағыз қажеттінің өзі етеді. Әдемі, сәнді, тиімді».



Ұқсас тақырыптар