ҚМДБ ақсақалдар кеңесінің мүшесі – Амангелді Айталы

2.jpeg


Бүгін елордада ҚМДБ жанынан Ақсақалдар кеңесі құрылып, кеңестің алғашқы жиынына Ақтөбе облысының атынан Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Амангелді Айталы онлайн форматта қатысып, баяндама жасады.

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы: «Қай дәуірде болмасын жастардың жасампаздығы үлкендердің көңілінен шыға қоймаған. Әйтсе де, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Жастардың ең жақсысы – кәрілерге ұқсағаны» деп айтқандай, яғни, түр-әлпеті емес, жүріс-тұрысынан даналық есіп тұратын жас буынның қалыптасуына көпті көрген үлкендердің әсері мол. Біз көбіне қоғамда, тұрмыста, отбасыда болып жатқан келеңсіз жайттардың салдарымен күресуге әдеттеніп алдық. Енді салдарымен емес, себебімен күресетін уақыт әлдеқашан жетті. Осы орайда біз қазақ халқының ертеден келе жатқан ақсақалдар институты мен әжелер мектебін жандандыруымыз қажет. Осы мақсатта тиісті іс-шараларды қолға аламыз. Атап айтқанда, Ақсақалдар кеңесін құрып, республикалық Ақсақалдар форумын, сондай-ақ «Қоғамдағы әйелдің рөлі» тақырыбында республикалық әжелер форумын өткіземіз. Бұл іс-шаралар қоғамға оң әсер етеді деп сенемін. Дуалы ауыз қарттарымыз Діни басқарманың қоғаммен байланыс бағытындағы жұмыстарына жаңа серпін беретініне сеніміміз кәміл» -деді.

1¦-¦-¦-.jpg

Жиынға қатысушылардың құрамында мемлекет және қоғам қайраткерлері Өмірзақ Озғанбайұлы, Бақытжан Ертаев, Оралбай Әбдікәрімұлы, Ғарифолла Есім, Смағұл Елубай, Жабал Ерғалиев, Марат Тоқашбаев және ардагер имамдар болды.

Әр облыстан ҚМДБ ақсақалдар кеңесіне мүше болып, 6 адам қабылданады. 

Игі шара қортындысында Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы елдің ардақты азаматы Амангелді Айталыға ризашылығын білдіріп, «Ихсан – рухани тәрбие негізі» және «Толық адам» кітабын табыстады.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі



Ұқсас тақырыптар