Қазақстанда HUAWEI монобрендінің алғашқы интерактивті дүкені ашылады

HUAWEI Brand Shop.png



HUAWEI тұтынушыларға инновациялық өнімдерді ғана емес, сонымен қатар бірегей пайдаланушы тәжірибесін ұсынатын Қазақстандағы алғашқы брендтік дүкенінің есігін ашуға дайын. Алғашқы қазақстандық HUAWEI Brand Shop дүкені 2022 жылдың 12 наурызында Алматыда Forum сауда ойын сауық орталығының 1-қабатында ашылады.


Пандемияның екі жылында дүние жүзінде сауда әдеттері өзгерді. Онлайн-сатып алу қалыпты жағдайға айналды, кез келген гаджетті бірнеше рет түрту арқылы сатып алуға мүмкіндік беретін түрлі сауда нүктелері дамыды. Әдеттегі «офлайн» дүкендер интернет-сайттармен бәсекелесу үшін сату тәсілін өзгертуге тырысады. Сондықтан Қазақстанда интерактивті монобрендтік дүкендердің танымалдылығы артып келе жатыр. Қазақстандағы алғашқы HUAWEI бренд дүкені тұтынушыларды брендтік дүкен атмосферасымен және Қазақстанда ұсынылған ең сәнді жаңа өнімдер, соның ішінде Huawei nova 9 және Huawei Vision таныстырылады.


HUAWEI Brand Shop_.png


Дүкенде 2021 жылдың соңына қарай дүние жүзінде 170 миллион қолданушыға жеткен Harmony OS операциялық жүйесімен жұмыс істейтін жоғары деңгейлі смартфондар технологиялық құрылғылардың кеңейтілген ассортименті ұсынылады. Сонымен қатар, компьютерлер, планшеттер, аксессуарлар және фитнес-білезіктер, балалар сағаттары және смарт сағаттар сияқты сәнді киюге болатын құралдар болады.


Қазақстан мен Орталық Азиядағы Huawei Device директоры Фань Цзиньюн:


«HUAWEI Brand Shop – бұл біздің өнімдеріміздің жанкүйерлері ең соңғы құрылғыларды, соның ішінде Қазақстанның басқа сауда нүктелерінде көрсетілмеген құрылғыларды сынау мүмкіндігіне ие болатын кеңістік. Сонымен қатар, жаңа пайдаланушы тәжірибесін, көңіл-күйді көтеру, HUAWEI экожүйесімен танысу мүмкіндігін ұсынылатын орталық болады. Яғни гаджеттерді тек бөлек емес, сонымен қатар бәсекелестерімізде жоқ функционалдық байланысты бақылауға болады. Әлбетте, кез келген уақытта тренинг қызметкерлері мен кеңесшілерімізден гаджеттер туралы сараптамалық ақпаратты ала аласыз».


Еске салсақ, жақында қазақстандық нарыққа флагмандық корпусы және Intel Core i5 процессоры бар Matebook D сериясы шықты. Сондай-ақ, nova 9 технологиялық смартфоны – «зумерлер» мен бейнеконтент жасаушыларға арналған құрылғы. Huawei nova 9 смартфоны қазақстандықтарға 2022 жылдың 25 ақпанынан бастап 279 990 теңге бағасымен қолжетімді. 2022 жылдың 4-13 наурызы аралығында nova 9 сатып алған кезде кез келген жаңа технологиялық аксессуарлар мен гаджеттерге – Freebuds Lipstick құлаққаптарына, HUAWEI Kids Watch 4 Pro және Watch GT Runner-ға 50%-ға дейін жеңілдік бар.



Ұқсас тақырыптар