«Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры 2022 жылдың 8-9 сәуірінде Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары дипломатиялық миссиясының қолдауымен,Алматы қаласында «Fake news. Fact-checking. Information manipulation» тақырыбына семинар-тренинг өткізеді.
Семинар-тренингтің ашылу салтанатына Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Бас консулы Кэролайн Сэвидж қатысып, журналистермен кездеседі.
Британиядағы «Avrupa» медиа холдингінің басшысы Ватан Өз бен ВВС телеарнасының Нидерландтағы меншіктітілшісі Юсуф Өзкан медиа тренер болатын шараға Алматы қаласымен бірге Қазақстанның барлық облыс, аудан, аймақтарындағы телеарна, газет, сайт, радиоарналарда жұмыс істейтін БАҚ өкілдері қатысады.
Семинар-тренингтің басты мақсаты – журналистердің ақпарат алу және таратудағы кәсіби білігін арттыру, фактчек жасау тәсілдерін меңгерту, деректерді тексеру, жалған ақпаратпен күресуге үндеу.