Алматыда БАҚ өкілдеріне арналған семинар-тренинг өтті

WhatsApp Image 2022-04-08 at 17.31.14.jpeg


Алматы, Mezgil.kz. Алматыда «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Fake news. Fact-checking. Information manipulation» тақырыбында семинар-тренинг өтті.


8-9 сәуірге жоспарланған екі күндік шараға Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары дипломатиялық миссиясы қолдау білдірді.

WhatsApp Image 2022-04-08 at 17.31.13.jpeg

Семинарды медиа тренер, Британиядағы «Avrupa» медиа холдингінің басшысы Ватан Өз бен ВВС телеарнасының Нидерландтағы меншікті тілшісі Юсуф Өзкан жүргізіп жатыр.

Шараға Алматы қаласымен бірге Қазақстанның барлық облыс, аудан, аймақтарындағы телеарна, газет, сайт, радиоарналарда жұмыс істейтін БАҚ өкілдері қатысты.


Семинар-тренингтің басты мақсаты – журналистердің ақпарат алу және таратудағы кәсіби білігін арттыру, фактчек жасау тәсілдерін меңгерту, деректерді тексеру, жалған ақпаратпен күресуге үндеу. 

WhatsApp Image 2022-04-09 at 10.49.05.jpeg

«Бұл жоба негізінен 2021 жылдың 25-ші қарашасында басталды, төрт айға созылған онлайн курс ақпанда аяқталды. Бүгін екі күндік семинар-тренинг басталды, сондай-ақ 26-27 күндері Шымкент, Түркістан қалаларында өтеді. Семинардың басты мақсаты – жалған ақпараттармен күрес, жалған ақпаратты анықтау, деректерді тексеру, фактчек жасау. Оған қоса ақпараттық монипуляциядан аулақ болу жайлы үйренеді. Екі күнге жалғасатын семинарға Ақтау, Орал, Өскемен, Жезқазған, Талдықорған, Қарағандыдан барлығы 27 журналист қатысып жатыр. Олардың барлығы отандық БАҚ-та жұмыс істейтін қазақтілді журналистер»,-дейді «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы.


Семинар-тренингтің ашылу салтанатына Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Бас консулы Кэролайн Сэвидж қатысып, журналистермен кездесу кезінде жалған ақпаратпен күрестің маңызына тоқталды.

  WhatsApp Image 2022-04-08 at 17.51.42.jpeg

«Журналист кез келген ақпаратты жариялағанда адамдарды адастырмау үшін жауапкершілікті сезінгені жөн. Одан бөлек әлемдегі тың ақпаратты тарата біл журналистердің артықшылығы деп білемін. Пандемия басталғалы КВИ мен вакцинаға қатысты дезинформация мен конспериалогиялық ақпараттардың қалай тез тарағанын барлығымыз көрдік. Өкінішке қарай ол вирусқа қарағанда тез тарады. Оған қоса Ресейдің Украинаға басып кіруі мен климаттың өзгеруі және өзге де мәселелерді мысалға келтіруге болады. Сол себептен сіздердің жұмыстарыңызда мұқияттылық пен біліктіліктің жоғары болғаны маңызды»,-деді Бас консул.

WhatsApp Image 2022-04-09 at 17.28.31.jpeg

Шара барысында жалған деректі анықтау төңірегінде тәжірибелік жаттығулар жасалып, пікір алмасу болды.


Сонымен қатар семинардың ашылуында Ватан Өз мырза аталған қордың басшысы Нәзия Жоямергенқызын Еуропадағы Түркітілдес журналистер одағының 2022 жылғы «Жыл журналисі» сыйлығымен марапаттады.

WhatsApp Image 2022-04-08 at 17.31.13 (1).jpeg



Ұқсас тақырыптар