Фактчекинг жасап, ақпаратты тексер

1.jpg


Stan.kz   сайты 22 сәуір күні "Ерекше сырт келбетке ие мысық қала әкімі болып тағайындалды" деген ақпаратты жариялаған. Фактчекинг жасап ақпаратты тексеріп көрдік.

"Мысық Калифорнияда тұратын Миа есімді иесінің арқасында Хэлл (ағылшын тілінен аударғанда Тозақ мэрі) қаласының әкімі болды".

 

Үкім: Манипуляция 

 

"Атап өтерлік жайт, Хэлл қаласының әкімі болып кез-келген қалаған жан сайлана алады. Қала мұндай мүмкіндікті бір күнге немесе бір сағатқа береді"

 

Үкім: Шындық

 

Daily mail дің ресми парақшасында мысықтың тек бір күнге ғана әкім болып тағайындала алатынын жазған.

 

40 жаңа мамандық "Болашақ" бағдарламасының тізіміне кірді осындай тақырыппен bolashak.gov.kz сайты мақала жариялаған.  Нақты 40 мамандық па әлде бұрын соңды тізімде болған мамандықтар ма фактчекинг жасап көрдік. 

 

"Биылғы жылы еңбек нарығының трендтерін талдаудың нәтижесінде, «Болашақ» бағдарламасының басым мамандықтар тізіміне инновациялар, жаңа технологиялар, медицина және индустриялық инженерия, жаратылыстану ғылымдары саласындағы 40 жаңа мамандық қосылды. Осы ретте 17 мамандықтың атаулары кеңейтіліп, бұрыннан бар мамандықтар қатарына қосылса, ал 23-і жаңа мамандықтар ретінде енгізіліп отыр.

 

 Шешім: Манипуляция

 

40 жаңа мамандықтың тек 23- і ғана жаңа мамандық.  Қалған 17-і мамандық тізімде болған. Тек атаулары өзгерген.

 

Әсел Әбілбекова



Ұқсас тақырыптар