«Ел Дауысы» қоғамдық қоры референдум барысын бақылайды

1.jpg


Референдумға 11,7 млн адам қатыса алады. 


«Ел Дауысы» қоғамдық қорының басшысы Аида Джексенова елімізде 5 маусымда өтетін референдумда бақылаушы болады. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.


 «Конституцияға енгізілмек түзетулердің барлық пакетін қарадым, ерінбей оларды ескі нұсқамен салыстырып шықтым. Сондағы анықтағаным...

Түзетулер биліктің суперпрезиденттік бағытынан кетіп, Парламент пен Үкіметке көбірек өкілдік береді. Мұны Президент Тоқаев халыққа үндеуінде уәде еткен де. Бұл дұрыс шешім деп санаймын, өйткені жауапкершілік бір ғана адамның қолында болмауы тиіс. Шенеуніктердің көзбояушылық әрекеттері келмеске кетіп, олар ешкімнің көмегінсіз, дербес шешім қабылдауды үйренеді деп үміттенемін.  


Айтпақшы, дербестік жайында. Енді барлық өзгеріс қазақстандықтардың саяси белсенділігіне байланысты болады. 


Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, референдумға 11,7 млн адам қатыса алады. Демек, бұл референдум егер оған қазақстандықтардың жартысынан көбі қатысса, жүзеге асады», – деп атап өтті қоғам белсендісі. 



Ұқсас тақырыптар