«Рахат» қазақстандық кондитерлік фабрикасына 80 жыл

MAS_3812 смарт.jpg


«Рахат» кондитерлік фабрикасы өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтпек. Осындай айтулы мерейтойға орай «ЛОТТЕ Рахат» АҚ басқарма төрағасы Федорец Константин компанияның тарихи жетістіктері, экономикалық көрсеткіштері, жаңалықтары және жоспарларымен бөлісті.


Осыдан 80 жыл бұрын және бүгін

1942 жылы Мәскеу мен Харьковтан көшірілген құрал-жабдықпен жұмыс істейтін  арақ-шарап зауыты негізінде құрылған «Рахат» фабрикасы бүгінде – Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан, құрамында 4500 қызметкері бар екі өндірістік мекеме. Соғыс уақытындағы алғашқы кондитерлік цех 900 тонна шоколад шығаратын, 1970 жылғы қайта құру жұмыстарынан кейін өндіріс көлемі он еселеп артып, отыз мың тоннаға дейін жетті. 2021 жылғы жағдай бойынша фабрика келесі 8 ел үшін жылына 65 881 тонна шоколад шығарады екен, олар: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Моңғолия, Армения, Әзербайжан, Қытай және Германия. 2022 жылы Грузия және Израиль елдеріне алғашқы мәрте жіберілді.

«Қазақстан үшін «Рахат» тарихи мұра ретінде ғана маңызды емес. Еліміздің кондитерлік өнеркәсібі Алма-Ата фабрикасынан бастау алды – бұл шынайы дерек. Бәріміз жақсы көретін компания республиканың экономикасына елеулі үлес қосады. Соңғы сегіз жылда ғана кәсіпорынның дамуына 72 миллион доллар көлемінде қаражат құйылды. Компанияның 2020-2021 жылдардағы салықтық төлемдері 12 миллиард теңгеге жуық соманы құрады», - деді Федорец Константин.  


MAS_3877 смарт.jpg


Нарық Рахатпен бірге өседі

Соңғы жылдардағы еліміздегі және әлемдегі экономикалық және эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, Қазақстанның кондитерлік нарығы өндіріс көлемі мен сатылым бойынша тұрақты көрсеткіштер беріп отыр (2019 жылғы 337 мың тоннамен салыстырғанда, 2021 жылы 339 мың тонна).

Нарық пен сұранысты қалыптастырушы «Рахат» компаниясы негізгі ойыншылардың бірі болып табылатын шоколад тілімдері мен шоколад кәмпиттері санатының тұтыну көрсеткіштері тұрақты (2021 жылы 87,5 мың тонна).


Көрсеткіштер туралы айта кетсек

Компания Қазақстанның жалпы нарығында ақшалай мәнде 21% тең үлесті ұстай отырып, кондитерлік өнімдердің негізгі санаттары бойынша көшбасшылықты сақтап қалды. 2021 жылмен салыстырғанда осы жылдың 4 айында компанияның жалпы табысы ақшалай мәнде 10.9 % өсім көрсетті. 

MAS_3991 смарт.jpg

Қазіргі уақытта компания тұтынушылардың қалауы қолжетімді өнімдерге (печенье/карамель/мармелад) қарай ауысып жатқанын байқады. Бұл құбылыс, әсіресе, пандемия кезінде қатты көзге түсті. Мұнда сатып алушылардың таңдауы тәтті емес, тойымды және үнемді тамақпен ұштасатын. Басқа өнімдер санаттарында да осыған ұқсас құбылыс байқалады, мұнда тұтынушы бағасы тартымды науқандық өнімді таңдайды немесе дәмі мен құрамы бойынша кемшіліктері бар болғанымен, бағасы қолжетімді шетелдік өнімдерге бет бұрады.

«Әлемдегі геосаяси жағдай Қазақстанның нарығына шикізат жеткізу үрдісі мен бағыттарына әсерін тигізгені құпия емес. Біз шетелдік валютада сатып алатын құрамдастардың құны айтарлықтай өсіп кетті. Дегенмен, осындай шығындардың көп бөлігін біз өзіміздің ішкі қорларымыз, пайданың бір бөлігі есебінен өтеп отырмыз. Сонымен қатар компания жергілікті өндірушілермен ынтымақтастығы аясын кеңейте түспек, бұл біздің тұтынушыларымыз үшін «Лотте Рахат» өнімдерінің бағасын мейлінше ұстап тұруға ықпал етеді, - деп ойымен бөлісті Федорец Константин.

Жаңа өндірістік желілер

Фабриканың туған күніне орай бренд өзінің тұтынушыларын алғашқы қазақстандық шоколадты батончикпен қуантты. Жаңа өнімге Snatch деген атау берілді. Бұл жобаға шамамен 2,5 миллиард теңгедей қаражат құйылған. Жаңа желі сағатына 500 килограмм батончик өндіруге мүмкіндік береді. Федорец Константиннің сөзіне сенер болсақ, жаңа өнім дүкен сөрелеріндегі әлемдік аналогтарына бәсекелес бола алады. 

Федорец Константин, «ЛОТТЕ Рахат» АҚ басқарма төрағасы:

«Нарықтың көшбасшысы ретінде «Рахат» жергілікті нарықта өндірілмейтін өнімдерді шығаруға тырысады. Біз өткен жылы шығарған осындай өнімдердің бірі - «Rakhat Bakery» деген дәмді атауы бар «күрделі» печенье. Сонымен бірге біз шоколадты батончиктердің өндіріле бастағанын қуана жариялаймыз. «Шоколадты батончик» саласында сатып алушылардың сұранысы өте жоғары және сатылым көлемінің көрсеткіштері тұрақты. Соңғы жылдары компания осы өнімнің негізгі тұтынушыларына айналатын жас әрі 10.9 % белсенді аудиторияға көңіл бөлуде. 45, 90 және 15 грамдық батончик кәмпиттері түрлі бағамен, дәммен және бірнеше форматта шығарылады»


MAS_4001 смарт.jpg


Әлеуметтік үлесі

Әлеуметтік бағдарламаларға демеу көрсету және оларды іске асыру – компания құрылған сәттен бастап артықшылықты бағыттарының бірі. Қазақстандық бренд білім беру, өнер, денсаулық сақтау секілді салалардың дамуына үлесін қосады. 2010 жылы компания әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру үшін «Рахат-Демеу» жеке қайырымдылық қорын құрды. Соңғы он жылдың ішінде ғана қор түрлі қайырымдылық жобаларына 200 миллион теңгеден астам қаражат жұмсады.

2019 жылдан бері компания «Мен сенімен біргемін» балалар хосписі паллиативті көмек орталығына демеу көрсетіп келеді – жоба аясында кейбір өнім түрлерінің сатылымынан түсетін қаражаттың бір бөлігі және фирмалық дүкендер желісінде пакеттер сатудан түсетін ақша Орталықтың қажеттіліктеріне аударылып отырады.

2020 жылы компания «Qazaqstan óneri» бірегей жобасын іске қосты, бұл жобаның мақсаты қазақстандықтарды еліміздің заманауи өнерімен таныстыру, сонымен бірге өзіміздің шығармашыл жастарымызға қазақтың аса бай өнер мектебін дамытуына қолдау көрсету. 2021 жылы жоба аясында Art Future галереясымен біріге отырып арт-резиденция ашылды, онда балалар үйінен шыққан 30 бала кескіндеме, графика, заманауи өнер бойынша көркем өнер шеберлігінен тегін білім алды.



Ұқсас тақырыптар