Huawei жаңа Huawei nova Y70 супер-автономды смартфонын таныстырады

_nova_Y70.png


HUAWEI Consumer Business Group Қазақстанда 6,75 дюймдік үлкен LCD дисплейі мен 6000 мАч қуатты батареясы бар жаңа смартфонды шығаруға дайын. 


Huawei Nova Y70 720 x 1600 пиксел рұқсаты бар 6,75 дюймдік дисплей және 168,3 мм x 77,7 мм x 8,98 мм өлшемімен шығарылады. Салмағы 199 г.

Құрылғы сегіз ядролы процессормен (2×1,8 ГГц Cortex-A75 және 6×1,8 ГГц Cortex-A55) жабдықталады. Жад туралы айтатын болсақ, смартфонның жедел жадысының көлемі 128 ГБ. Ол сериялардың 170 бөлімін, 13 000 музыкалық файлдарды және 60-тан астам фильмдерді сақтауға мүмкіндік береді.


Huawei Nova Y70 ЖС негізіндегі үштік камерасымен жабдықталған. Оның ішінде 48 МП негізгі камера, топтық және пейзаждық түсірілімдер үшін 120 градустық көру өрісі бар 5 МП ультра кең камера және фотосуреттегі нысанға ерекше аудару үшін артқы фонды бұлдыртатын 2 МП тереңдік камерасы бар. Смартфон сіздің суретке түсу дағдыларыңызды келесі деңгейге көтеретіні сөзсіз.


nova__Y70_.png


Сонымен қатар, камераның негізгі мүмкіндіктеріне сандық масштабтау, авто жарқыл, бет-жүзін анықтау және сенсорлық фокус кіреді. Сондай-ақ пайдаланушылар селфи түсіру және бейне қоңыраулар үшін жоғары сапалы 8 МП алдыңғы камераға ие болады.


6000 мАч батареясы бар бұл телефон бір аптаға дейін қайта қуаттамай жұмыс істей алады. Смартфонның аккумуляторы тек 5% болса, пайдаланушылар өшіру алдында 12 сағатқа дейін күту уақытына мүмкіндік беретін төмен батарея режимін қоса алады. Үлкен сыйымдылығы бар аккумулятор смартфонды ұзақ сағат бойы ойын ойнап, ән тыңдап, фильмдер көріп, батарея қуаты таусылып қалады деп уайымдамай пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ смартфон 22,5 Вт SuperCharge жылдам қуаттау режимін және Huawei Nova Y70 басқа құрылғыларын кабель арқылы қуаттауға мүмкіндік беретін кері қуаттау тәртібін қолдайды.


Жаңа Huawei Nova Y70 Қазақстанда Crystal Blue, Pearl White және Midnight Black. үш түсте сатылымға шығады. 

nova_Y70.jpg


nova_Y70kaz.png



Ұқсас тақырыптар