Психологиялық қолдау

WhatsApp Image 2022-07-14 at 13.11.04.jpeg


ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/22 мекемесінде  аға инспектор психолог маманы болып қызмет атқаратын  әділет капитаны Валентина Александровна Маар, психологиялық қолдау жұмысын сотталғандардың саң алуан түрлерімен жүргізеді. 


Қылмыстық атқару жүйесінде 10 жылдан аса өтілі бар маман, балалар колониясынан еңбек жолын бастаған.  Ер адамдармен  қатар әйел адамдарға психологиялық қолдау жұмысын жүргізіп келеді.  


Бүгінгі таңда Валентина ерекше зейін қойып бақылауына алынған  Юлия есімді жазасын өтеуші. Қоңыс колониясына келгелі, өз тенің тауып отбасын құрған жан, арада бір жыл уақыт өтіп  айы күні жақындап ана атанғалы отырған Юлия  психологтың қолдауымен жүргенін жасырмайды. Мекеме психологы болашақ анаға әр түрлі тренинг өткізіп, әңгіме сұқбат жүргізу арқылы қолдау көрсетуде.  


ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/22  

қызметкері Арай Кошербаева



Ұқсас тақырыптар