Сапа саласындағы байқаулар бизнеске бренд ретінде танылуға мүмкіндік береді – Айтуар Қошмамбетов

WhatsApp Image 2022-07-18 at 15.07.19.jpeg


Қазір бүкіл республика бойынша «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтіп жатыр, онда отандық тауар өндірушілер сапа саласындағы өз жетістіктерін растап, шығарған тауарын өндірушілер көрмесіне ұсына алады. Байқаулардың шарттары мен бизнесмендерге арналған мүмкіндіктер туралы Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов айтып берді.

- Айтуар Асқарұлы, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы туралы айтып өтсеңіз.

– «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы ішкі нарықтың үздік өндірушілерін анықтау үшін өткізіледі. Байқау мақсаттарының бірі – отандық өнімнің сапасын арттыру, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесу. Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке «Атамекен» палатасымен бірлесіп, «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық жобасын іске қосу үшін ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Бұл бағытта «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқаулары отандық өндірушілердің нақты әлеуетін көрсететінін атап өткім келеді.

- «Қазақстанның үздік тауары» байқауына кәсіпкерлер арасында іріктеу қалай жүргізіледі?

- Әлеуетті қатысушы – компания «Алтын сапа» сайтына қатысуға өтінім береді, содан кейін өзінің конкурстық нөмірін алады. Мұнда өңірлік кәсіпкерлер палаталары әрбір өтініш берушіге сүйемелдеу көрсетеді. ӨКП алаңында оқыту семинарлары өтеді, онда біздің сарапшылар барлық мәселелер бойынша өтінімді қалай беру керегін, қандай құжаттар талап етілетінін түсіндіреді. Бұдан әрі, кәсіпкер оның өтінімінің қабылданғандығы және ол ресми түрде өңірлік деңгейдегі қатысушы болғаны туралы хабарлама күтеді.

- Байқаулардың мақсаты қандай?

- Қазіргі нарықтық жағдайда әрбір компания үшін бренд ретінде қалыптасу аса маңызды. Брендті ілгерілету үшін көптеген мүмкіндіктер бар, оларды көп компания жақсы пайдаланып, дамып жатыр. Бірақ, егер компания жаңа және әзірге белгісіз болса, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы сияқты алаңдар даму, жетілу, танылу үшін жақсы мүмкіндік береді. Байқауға қатыса отырып, компания дамудың жаңа кезеңіне шығады, байқау талаптарына сәйкес сапа стандарттарына сәйкестігін растайды, өз өнімін отандық тауар өндірушілердің үлкен көрмесінде ұсынуға мүмкіндік алады. Байқаулардың мақсаты – ең алдымен қазақстандық компанияларға жергілікті қамту үлесін арттыруға көмектесу.

- Пандемияға байланысты «Қазақстанның үздік тауары» байқауы екі жыл бойы өткізілген жоқ. Екі жылда өтінімдер саны азайды ма?

- Екі жылдық үзіліске қарамастан, алматылық кәсіпкерлер байқау мүмкіндіктерін белсенді пайдалануда. Бүгінде 80-нен астам өтінім қабылданды. Қабылдау әлі жүріп жатыр.

- Қандай секторлар мен ауқымдағы бизнес байқауларға қатыса алады?

- Әрине, қатаң шектеулер жоқ. Байқауға ірі, сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдері қатыса алады. Кәсіпкерлік қызмет түрлері бойынша ерекшеліктер бар. Егер сіздің бизнесіңіз қару-жарақ пен әскери техниканы өндірумен байланысты болса, онда сіз өтінім бере алмайсыз. Сонымен қатар мемлекеттің қатысу үлесі 50% - дан асатын ұйымдар, сондай-ақ өздеріне қатысты белгіленген тәртіппен оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізу туралы шешімдер қабылданған ұйымдар байқауға қатысуға жіберілмейді.

- Компанияларға байқауларға қатысу қандай артықшылық береді?

- байқау лауреаты атағына ие болған  қатысушылар сыйлық берілгеннен кейін төрт жыл ішінде сыйлық эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады. Сыйлық лауреаты атағына ие болған  қатысушыларға: тиісті диплом, байқау эмблемасы және ақшалай сыйақы тапсырылады.

- Байқауға қатысу үшін қандай құжаттар ұсыну қажет?

- Қатысудың барлық ережелері мен сұратылатын құжаттар тізбесі Үкіметтің 2009 жылғы 31 шілдедегі №1167 қаулысында белгіленген, онда барлығы нақты жазылған.

- Өтінім бергеннен кейін құжаттарды жинауға қанша мерзім беріледі?

- Кәсіпорындард дайындығына қатысуға өтінім бергеннен кейін құжаттар пакетін жинауға тура бір ай уақыт бар.

- Жеңімпаздарды қалай таңдайды және марапаттау рәсімі қалай өтеді?

- Өңірлік деңгейде көрмелерге қатысу міндетті. Содан кейін өңірлік байқау жеңімпаздары республикалық деңгейге финалға өтеді, онда мықтыларды анықтап, басты жүлделерді тағайындайды. Сыйлықты Қазақстан Президенті табыс етеді.

- Алматыда өңірлік көрме қашан өтеді?

- Бүгін – байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні. Бірқатар өңірде байқаулар өтіп, жеңімпаздар анықталды. Өтінімдерді қабылдау жүріп жатқан кезде өндірушілердің өңірлік көрмесі өтетін күн туралы біз ресми ресурстарымызда қосымша хабарлаймыз.

Мен Қазақстанда зауыттар мен фабрикалар жоқ, біз тіпті шұлық шығармаймыз деген пікірлемремн келіспеймін. Отандық өндіріс өсіп келеді, сапалы өнімдерден басқа, бізде түрлі өндірістік кәсіпорындар ашылуда. Алматы тұрғындары мен қонақтарын «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауын тамашалауға шақырамын. Отандық өндірісті барлық деңгейде баршамыздың қолдауы керек. Бүгін кез келген супермаркетте тұрмыстық химиядан бастап жиһазға дейін «Қазақстанда жасалған» таңбасы бар тауарды табуға болады.

Отандық тауарды таңдай отырып, біз импортты алмастыруға үлес қосамыз, жергілікті өндірісті дамытамыз, жаңа жұмыс орындарын құруға көмектесеміз, ортақ  мүдде үшін жұмыс істейміз.


Ұқсас тақырыптар