Huawei Summer Run 2022 жазғы жүгіру жарысында жаңа өнімдерді таныстырды

Summer Run _ 2022.jpg


Almaty Arena мұз сарайының аумағында өткен кешкі уақыттағы жазғы жүгіру жарысында Huawei жаңа Watch GT 3 Pro смарт сағатын, Y70 смартфонын және Watch Fit 2 фитнес сағатын таныстырды. Арнайы брендтік алаңда жарысқа қатысушылар жаңа өнімдермен тамашалап, гаджеттерді сынап көріп, техно саласындағы соңғы жаңалықтармен таныса алды.

 

Қазақстандағы Huawei Consumer Business Group маркетинг жөніндегі директоры Мао Чжоуин:

 

«Біз Summer Run сияқты спорт шарасының бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз. Қатысушылардың арасынан Huawei брендінің жанкүйерлерін көргенімізге қуаныштымыз. Біздің смарт сағаттарымыз бен фитнес білезіктеріміздегі жаттығу режимдерінің арқасында Summer Run жарысына өз бетінше дайындалып, жүгіру кезінде денсаулықтарын бақылай алды. Олардың арасында тіпті кішкентай балалар да болды. Жаңа гаджеттердің арқасында әуесқой спортшылардың қатары артып, спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінетініне сенімдіміз»

 

Жарысқа барлығы 2000-ға жуық адам қатысты. Жарысқа қатысушылар 12 шақырым қашықтықта жүгірді және 8 шақырым скандинавтық жүріспен жаяу жүрді. Сондай-ақ балалар арасында 500 м, 1 және 3 шақырымға жүгіру жарысы өтті. Жарысқа қатысушылардың ең үлкені 85 жаста, ең кішісі 6 жаста.

 

«Смелость быть первым» корпоративтік қорының директоры Салтанат Қазыбаева:

 

«Біздің жыл сайынғы дәстүрге айналған Summer Run жазғы кешкі жүгіру жарысына спорт сүйер қауым ғана емес, қаламыздың кішкентай тұрғындары да қатысты. Бұл қоғамның балалар спортын дамытуға ерекше қызығушылық танытқанының тамаша көрсеткіші. Біздің жобаларды корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі жоғары серіктес компаниялар қолдайтынына қуаныштымыз. Осы орайда Huawei компаниясына қолдауы және жаңа технологиялар арқылы салауатты өмір салтын насихаттаудағы арнайы миссиясы үшін алғыс айтамыз».

  

Huawei Watch GT 3 Pro 19 кәсіби жаттығу, арнайы залда және ашық алаңдағы жаттығуларға арналған 85 тәртібінен құралған бас аяғы 100 спорт тәртібін ұсынады. Оның ішінде ақылды сағат ең танымал жаттығулардың 6 түрін автоматты түрде таниды. Денсаулық туралы деректер смартфондағы HUAWEI Health қолданбасында көрсетіледі. Сондай-ақ сағат GNSS геолокация сенсорымен жабдықталған, ол ашық ауада жаттығу бағыттарын қадағалауға мүмкіндік береді. Сағат қандағы оттегі деңгейін (SpO2) жарықтың толқын ұзындығын өлшейтін және тіпті төмен температура мен биіктікте де қаныңыздағы оттегі молекулаларын танитын TruSeen 4.5+ технологиясы арқылы өлшей алады. TruSeen 4.5+ технологиясының аз қуат тұтынуымен қандағы оттегі деңгейін тәулік бойы бақылай аласыз.

 

Жаңа Huawei Nova Y70 смартфоны жасанды интеллекті бар үш камерамен жабдықталған, 128 ГБ жедел жады және 6000 мАч батарея бір аптаға дейін қайта қуат алмай жұмыс істей алады. Сондай-ақ смартфон 22,5 Вт SuperCharge жылдам қуаттау режимін және Huawei Nova Y70 басқа құрылғыларын кабель арқылы қуаттауға мүмкіндік беретін кері қуат беру режимін қолдайды.

HUAWEI WATCH FIT 2 пайдаланушыларға кез келген уақытта, кез келген жерде жаттығуға көмектесу үшін арнайы жасалған смарт мүмкіндіктермен жабдықталған. Оның ішінде жүгіру мен велосипед тебуден күш жаттығуларына, биге, доп ойындарына, қысқы спорт түрлеріне және т.б. барлығына арналған 97 жаттығу тәртібі бар. Сондай-ақ, таңдауға болатын жеті жаттығуға арналған кірістірілген анимациялық фитнес жаттықтырушысы бар, ол орындауға оңай аудио нұсқаулары мен демонстрацияларды, соның ішінде қыздыру мен салқындатуды ұсынады, бұл пайдаланушыларға жаттығуларын өміріне сәйкестендіруге және олардың үлгерімін бақылауға мүмкіндік береді.



Ұқсас тақырыптар