Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына – 90 жыл

WhatsApp Image 2022-10-10 at 21.14.13.jpeg


Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының сәби денсаулығын, бала амандығын басты назарға алып отырғанына биыл - 90 жыл. 6-7 қазан күндері Алматыда Балалар жылы аясында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының 90 жылдығына арналған  «Қазақстан педиатриясы: өткені мен бүгіні және болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.  

Мерейтойлық шараға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А.Ғинаят, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың ректоры М.Е.Шоранов, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Басқарма төрағасы А.З.Құсайынов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры М.Х.Ембергенова, Д.Рогачёв атындағы ұлттық медициналық зерттеу орталығының Бас директоры Г.А. Новичкова, Беларусь Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, профессор, онкогематолог  О.В.Алейникова, сонымен қатар Қазақстанның барлық аймақтарынан және  Беларусь, Ресей, Таджикистан, Өзбекстан, Ұлыбритания, Германия, Украина, Чехия елдерінің өкілдері, балалар дәрігерлері, ғылыми институттардың жетекші мамандары мен басшылары, сондай-ақ медициналық ЖОО профессорлары қатысады.  


WhatsApp Image 2022-10-10 at 21.14.12 (1).jpeg

Конференцияның басты мақсаты -  балалар денсаулығын сақтау мен нығайту, балаларға сапалы медициналы қызмет көрсетуді ұйымдастыру, балаларды емдеу мен диагностикалаудағы өзекті меселелерін талқылау,  еліміздегі балалар денсаулығы қызметін жақсарту.

Іс-шараның ұйымдастырушылары:  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы және Қазақстан Педиатрлар Одағы. 

Алқалы басқосуда Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының өткені мен бүгіні, жетістігі мен дамуы сөз болып, еліміздегі педиатриялық қызметтің бағыт-бағдары сараланады.  


WhatsApp Image 2022-10-10 at 21.14.15.jpeg


Екі күнге созылатын халықаралық конференция «Педиатрия және неонатологияның өзекті мәселелері», «Балалар хирургиясы: бағыттары мен заманауи әдістері», «Орфандық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи мәселелері», «Онкологиялық және гематологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи технологиялары»,  «Патологоанатомиялық  диагностиканың өзекті мәселелері», «Балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудағы мейіргерлер рөлі» атты  секциялық жұмыс тақырыптары аясында өтеді.   


WhatsApp Image 2022-10-10 at 21.14.12.jpeg


Ұқсас тақырыптар