Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрінің заманауи бағыттағы жаңалығы

WhatsApp Image 2022-10-17 at 12.42.54.jpeg


Батыс қазақстан облыстық камералық оркестрі таң қалдырудан жалықпайды. Өнер майталмандары жаңашылдықты ұстанады. Мінсіз махаббаттан туған шығармашылық өнерге деген адалдық екені сөзсіз. 


Ал кәсіби мамандардың шығармашылықтағы тандемдік бас қосуы жаңа форматты тудырмауы мүмкін емес. Осындай көрініске куә болу үшін, өздеріңізге “SENim&MEN” тақырыбындағы театр режиссері - Гауһар Адай, абстракт бағытындағы суретші - Гүлдана AliNa , театр және кино әртісі - Жасқайрат Валиуллиев, оператор - Олег Писаренко, камералық оркестрдің бас дирижері - Асхат Хасановтың  Батыс Қазақстан облыстық оркестрімен бірге дайындаған Макс Рихтер - Антонио Вивальдидің "Времена года" туындысын заманауи тілде сөйлету коллаборациясын ұсынады. 


“SENim&MEN” аннотациясы:

Қорқыныш - қол байлайды.

Көзден, сөздерден қорқамыз. Өзімізден қорқамыз. Айналадан, ойымыздан қорқамыз. Қорқыныш өзіңді аялауды да  ұмыттырады. Өзіңді ұмытқан соң ішкі дауысыңды естімейсің. Бойыңды қорқыныш үрейі билеп, құр тәнің ғана өмір сүреді...

Оян! Ешкімнен қорықпа! Өзіңді жылатпа! “Менің ісім ешкімге керек емес” деп күтпе! Бүгілме! Сынба! Мықты бол! Құлаған сайын орныңнан тұрып арманыңа жетуді ойла! Арманда және арманға ұмтыла бер! Ұмтыла бер! Өзіңнің жаныңды - Өзің бағала! Аяла! Себебі саған тек - SEN керексің! Саған сенің ғана -SENimің керек. Сол кезде сенің SENimің MENіңді ешкімге сындыртпайды.


Туындының идеялық авторы әрі қоюшы режиссері, “Асанәлі”сыйлығының иегері - Гауһар Адай.


Грим әрі киім суретшісі, “SENim&MEN” деген атауының әрі жазылуының авторы -   ҚР Суретшілер одағының мүшесі, “Мәдениет саласының үздігі”  Гүлдана AliNa.


Актер - “Дарын” Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Жасқайрат Валиуллиев.


Солист - Бейбарыс Зұлпықар. 


Жан рөлінде - 4 жасар Хақназар Жасқайратұлы. 


Музыкаға жауапты әрі камералық оркестрға бейімдеп жазған, облыстық камералық оркестрдің бас дирижері, “Мәдениет саласының үздігі” Асхат Хасанов. 


Операторы әрі монтаж режиссері - Олег Писаренко  

Орындаушы: Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі


Идеяны жүзеге асырушы әрі жауапты “Өнертану” магистрі, “Серпер”  Жастар Одағы сыйлығының, “Еңбек даңқы” төсбелгісінің иегері, облыстық камералық оркестрдің директоры - Салтанат Мақсот


 



Ұқсас тақырыптар