Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Лингвистикалық орталығының Алматыда бөлімшесі ашылды. Түрік тілі курсын түркиялық лингвист маман жүргізеді. Әрбір 80 сағаттық курстан кейін қатысушыларға Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Лингвистикалық орталығының арнайы сертификаты беріледі. 1 курс ақысы - 20 мың теңге.
Өтініш беру үшін афишадағы QR арқылы сауалнаманы толтыруыңызды сұраймыз. Байланыс үшін: +77029099399