Әкімдіктердің сайлауға дайындығы қандай?

67183_1606468609.jpg


«Ел Дауысы» қоғамдық қорының өкілдері өңірлік жергілікті атқарушы органдардың сайттарында сайлау туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігіне талдау жүргізді.

«Ел Дауысы» қоғамдық қоры Қазақстан президенттігіне сайлау науқаны аясында үгіт-насихат кезеңіне мониторинг жүргізу жұмысын жалғастырып жатыр. Мәселен, Қор «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның тармақтарын орындау бойынша қала әкімдіктерінің сайттарына талдамалық шолу жасады.

Қазіргі кезде «Ел Дауысы» ҚБ штабы өзінің «Біз сіздерді бақылап жатырмыз» ұранына сәйкес кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарындағы бұзушылықтарды жою бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Қор әр облыс пен қалалар әкімдіктерінің сайтына талдамалық мониторинг жүргізіп, қазақстандықтарға арналған ақпараттың толық жарияланбағанын анықтады. Әкімдіктердің сайттарындағы ақпарат тым аз болып шықты.  

«Адамдар ақпарат алуға құқылы. Сондықтан әкімдіктердің елдегі науқанға немқұрайлы қарауы жаныма батады. Президентті сайлау – қазақстандықтар үшін саяси және тарихи маңызы бар оқиға ғой. Әкімдіктердің жұмысы шала-шарпы. Ашықтық байқалмайды. Алдағы сайлау елдегі бірінші сайлау болмаса да мемлекеттік органардың жауапты әрі ретті жұмысын көрмедім. Әрі қарай не күтуге болады? Орталық сайлау комитеті хабарлаған үгіт-насихат жұмыстарының жүргізілетін орындары жайлы ақпараттың болмауы салдарынан біз жұмыс барысын қадағалау үшін онда бақылаушыларды жібере алмадық. Өңірлер арасында Ақтөбе және Абай облыстарының әкімдіктерін ғана атап өтуге болады. Олардың сайттарында күнтізбелік жоспардан бастап үгіт-насихат жүргізілетін мекенжайыларына дейін толық ақпарат берілген», – деп атап өтті Қор жетекшісі Аида Жексенова. 

Қор анықталған бұзышылықтар туралы егжей-тегжей баяндады. 

Ақтөбе облысының әкімдігі – мүгедектігі бар азаматтарға арналған ақпарат салынбаған, күнтізбелік жоспар жоқ. 

Абай облысының әкімдігі – ең үлгілі сайт. Осы сайтты негізге алып, басқа сайттарды талдадық. Бір ғана кемшін тұсы мүгедектігі бар адамдарға арнаған ақпарат салынбаған. 


WhatsApp Image 2022-11-03 at 12.05.37.jpeg

 

Ақмола облысы әкімдігінің сайты – мүгедектігі бар адамдарға арналған ақпарат жоқ, кандидаттардың сайлаушылармен кездесу орындары туралы ақпарат жарияланбаған.  Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары туралы ақпарат қамтылмаған, сайлау учаскелерінің жалпы саны бойынша мәліметтер жоқ. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамы, өңірлердің электрондық ақпараттық ресурстары бойынша мәлімет және сайлаушыларды тізімге енгізуді тексеру бойынша бірыңғай call-орталықтар туралы ақпарат табылмады. 





Ұқсас тақырыптар