Атом энергетикасына арналған көшбасшылық дәріс

WhatsApp Image 2022-11-03 at 16.18.59.jpeg


3 қарашада Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Физика-техникалық факультеті Ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар халықаралық кафедрасында «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикиннің көшбасшылық дәрісі өтті. 


Студенттер, магистранттар және докторанттарға дәріскер «Атом энергетикасы» тақырыбында презентация жасады. Атом электр станцияларында электр энергиясы қалай өндірілетіні туралы баяндап, ядролық реакторлар түрлеріне тоқталып өтті. Ядролық реакторлардың жаңа буындары бойынша сипаттама жасап, еліміздегі ядролық отын циклі туралы мағлұматтар берді. Көміртексіз энергетикалық кешен туралы мәлімдеді. 

WhatsApp Image 2022-11-03 at 16.19.01 (1).jpeg


Көшбасшылық дәріс мемлекет басшысы айтқан білім алудың және өндірістік құзыретке қол жеткізудің аса маңыздылығы аясында мазмұнға ие болды. Физика-техникалық факультетінің деканы Е.Е.Нұрмолдин мазмұнды дәріс үшін алғыс айтып, әріптестік байланыстың нығая түсуіне ниет білдірді.


Дәріс барысында білім алушылар сауалдарын жолдап, пікір алмасты. «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС факультеттің үздік алты студентіне бір реттік демеушілік шәкіртақы табыстап, кәдесыйлар ұсынды.

WhatsApp Image 2022-11-03 at 16.19.00.jpeg


«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС ұсынған бір реттік демеушілік шәкіртақыны иеленген Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Физика-техникалық факультетінің үздік білімгерлері: Мурзагарина Айза Ербулатовна – 2 курс, Овчинников Иван Денисович – 2 курс, Саймұха Азамат Айдынұлы – 3 курс, Жаппар Рамазан – 4 курс, Рахманкулова Алина Серікқызы – 5 курс, Голота Игнат Константинович. Өз кезегінде стипендия иеленген білімгерлер алғыстарын жеткізді.

WhatsApp Image 2022-11-03 at 16.19.01.jpeg



Ұқсас тақырыптар