Дені сау бала - келешек кепілі

IMG_1065.jpg

Соңғы жылдары медицина саласының мамандары қазіргі заманда балалар денсаулығына аса назар бөлу керектігін айтады. Себебі, бүгінгі таңда әдетте үлкен кісілер душар болатын ауру түрлері, өкінішке орай, жас балалар арасында кеңінен таралып келеді. 

Бала денсаулығының мықты болуына оның белсенді әрекеттері аса ықпал етеді. Үнемі физикалық қозғалыста болып, дене құрылысының дұрыс жетілуі бала-бақша мен мектепі кезеңінде қалыптасады. Сол себептен бала ағзасының қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру қоғам алдындағы ең басты міндет болып табылады.

Баланың денсаулығы мықты болуына тек ата-анасы ғана емес, қоғам да аса қамқорлық көрсетуі қажет екені сөзсіз. Дұрыс тамақтану мен әрдайым белсенді жаттығулар жасаудан бөлек, балалардың тағамтану әдеттеріне де аса мән беру қажет. Сол үшін де тағамтану саласы бойынша балалардың білімі мен ақпараты болуы абзал.

Алматы мен Астана қалаларындағы мектеп оқушылары биылғы оқу жылында «А-дан Я-ға дейін салауатты тамақтану» атты жаңа СӨС бағдарламасы арқылы өздерінің салауатты тамақтану әдетін қалыптастыра алады. Оқу-әдістемелік кешені бойынша білім алу барысында оқушылар мен олардың ата-аналарға дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын ұстанудың оңай және қызықты екендігі туралы ақпарат алады. Жоба өте өзекті сипатқа ие. Дәрістегі көтерілген мәселелердің арқасында дұрыс тамақтану жайлы аз хабары аз жандар балалар семіздігі секілді дерттің алдын алып, артық салмағы балалардың санының азаюына түрткі болады.

2017 жылдың қорытындысы бойынша ҚР білім беру жүйесінің жағдайы және оны дамыту жөніндегі Ұлттық баяндама деректеріне сәйкес түрлі халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың мектеп жасындағы қазақстандық балалардың арасында жуық арада жүргізген зерттеулері әрбір үшінші ауру асқазан-ішек жолы ауруларының үлесіне тиесілі екендігін көрсетті. ДДҰ Еуропалық балалар арасындағы семіруді эпидемиологиялық қадағалау бастамасы (COSI) шеңберінде жүргізілген зерттеу деректері бойынша әрбір 5-ші баланың 9 жастан бастап семіруден зардап шегетінін көрсетті. Дәл сол себептен білім беру жүйесінің деңгейіндегі тиімді бағдарламалар қажет.


Жаңа дәрістің енгізілуіне Алматы мен Астана қалаларының білім беру басқармаларының өкілдері, Қазақ Тағамтану академиясының мамандары, мектеп директорлары, блогер-ата-ана мен курстың авторлары белсенді ат салысты. Ал бұл жобаның іске асуына «Danone Berkut» ЖШС ықпал етті.


«Danone Berkut» ЖШС бас директоры Тиаго Карнейро Дос Сантос:

«Danone Berkut» ЖШС пайдалы тамақ өнімдерінің өндірісімен тікелей байланысты әлеуметтік-бағытталған бизнес болғандықтан «А-дан Я-ға дейін салауатты тамақтану» білім беру жобасының құрылуына ұйытқы болып, мемлекет тарапынан қолдауға ие болды. Компанияның көмегімен Алматы қ. Білім беру басқармасының жұмыс тобы Қазақ тағамтану академиясымен бірлесе отырып 4-ші сынып оқушыларына арналған толыққанды элективті курсты әзірлеп шығарды. Жоба арқылы балалар өз денсаулығына назар аударып, дұрыс тамақтану бойынша әдеттерін қалыптастыра алады деп сенеміз»


Осы орайда айта кететін жайттың бірі жобаның іске асуына байланысты Danone компаниясының ешбір коммерциялық мақсатты көздемейді. Тамақтану дәрісі ел мүддесі үшін атқарылып жатқан компанияның корпоративті-әлеуметтік жауапкершілігінің бірден бір көрсеткіші. 

«Danone Berkut» ЖШС корпоративті-әлеуметтік жауапкершілігінің арқасында көптеген ізгілікті істер жүзеге асырылды. Салауатты ұрпақтың қалыптасуына өз септігін тигізетін бұл дәрістен басқа компания қоржынында басқа да жобалар бар.

Атап айтсақ, COVID-19 індеті болған ауыр кезеңде медициналық орталықта үздіксіз қызмет атқарған дәрігерлерге үлкен қолдау көрсетті. Биыл Қостанай өлкесінде болған алпауыт өртте зардап шеккен жандарға сүт өнімдерін жолдады. Алматы облысы, Байсерке ауылындағы көп балалы және әлеуметтік тұрмысы төмен отбасынан шыққан балалардан құралған «Іле Сәулет» футбол клубының өрендері компания тарапынан ерекше назарға ие. Компания тұрақты түрде «ҰОС мен тыл ардагерлері және соғыс балалары» ҚҚ көмек көрсетіп келеді. Сондай-ақ, ЖОО студенттері мен түлектері жыл сайын Danone компаниясы ұсынған мүмкіндіктің арқасында тұрақты жұмысқа орналасып, жас маман ретінде өз еңбек жолын бастап келе жатыр.


Компания тарапынан қайырымдылық мақсатта жасалған игілікті қызметтер жалғасын тауып, өзге бизнес құрылымдарына үлгі боларлықтай істер атқарып келеді. Тек қаржылық мақсатты көздемей, ел игілігі үшін аянбай түрлі жобаларға ат салысып, өзінің қоғам алдында тұрақты түрде әлеуметтік жауапкершілігін көрсетуде. 


Ізгілікті істер саны артып, «А-дан Я-ға дейін салауатты тамақтану» жобасының аясында Danone компаниясы Алматы мен Астана қалаларының білім беру басқармалары мен Жекеменшік білім беру мекемелері қауымдастығы өзара дұрыс тамақтануды дәріптеуге арналған жобалар бойынша және денсаулықты сақтау бастамаларын жүргізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Болашақта «А-дан Я-ға дейін салауатты тамақтану» жобасының ауқымы кеңейіп, бүкіл ел бойынша жүзеге асырылады деп жоспарлануда. 

Дайындаған

Ғазиза Ұзақ

Алматы қаласы



Ұқсас тақырыптар