Glovo қазақстандық ШОБ-ке онлайнға шығуға көмектесуді жоспарлап отыр

MAXB3078.JPG


Қазақстанда 10 қарашада цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күнінде Glovo Brands Day өтті 

Қазақстандық ШОБ басшылары электронды коммерция нарығындағы революцияны және жаңа Q-commerce саласын талқылады

Glovo компанияның ШОБ цифрлық нарығын дамытуда көмек көрсететін жаңа стратегиясын ұсынды


Glovo бағалауы бойынша агрегаторлар арасындағы жеткізу нарығының үлесі айына 1,8 миллион тапсырысты (2022 ж. шілде) немесе 8 миллиард теңгені құрайды. Glovo платформасында үш мыңнан астам бренд бар, олардың сатылымы 25%-дан бастап 40%-ға дейін онлайн болуының арқасында өсім көрсетуде. Glovo қызметін пайдаланатын компаниялардың жалпы санының 1886 - шағын бизнес субъектілері, олардың ішінде ешқашан онлайнға шығып көрмегендер бар. Компания өзінің қолда бар ресурстары есебінен онлайндағы шағын ритейл үлесін ұлғайтып, елдегі шағын және орта бизнесті цифрландыруға ықпал етуді жоспарлап отыр. 


«Осы күнге дейін Glovo үш негізгі тарапты өзара байланыстырып отырды, олар: курьерлер, клиенттер және серіктес компаниялар. Енді бұл ымырада брендтерге арналған стратегиялық орын пайда болды. Брендтермен серіктестік жұмысы оларға Glovo-ның қолда бар ресурстары есебінен электронды коммерция саласында дамуына көмектесуге бағытталған. Серіктестер тізімінде FMCG-брендтер, банктер, төлем жүйелері және цифрлық коммерцияны бизнесті дамытудың негізгі стратегиясы ретінде қарастыратын басқа компаниялар бар», - дейді Glovo Орталық Азиядағы және Шығыс Еуропадағы бас менеджері Расновский Дмитрий.


Бұған дейін компания Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен елдегі электронды коммерция индустриясын дамыту жоспарларын талқылаған болатын. Сонымен қатар Glovo компаниясы бұл қызметтің елде жұмыс істеген үш жылы ішінде аймаққа салынған инвестиция көлемі 40 миллион еуроны құрағанын және одан әрі өсетінін хабарлады.


«Биыл Glovo-ның Қазақстанда жұмыс істегеніне үш жыл толады. Осы уақыт ішінде Қазақстан Glovo үшін Орталық Азиядағы хабқа айналды және аймақтағы жеткізу қызметі туралы түсініктің өзгеруіне ықпал етті. Қазақстандықтар енді тамаққа ғана емес, косметикаға, жеке гигиена құралдарына және т.б. тапсырыс беріп, агрегаторлардан ең жылдам жеткізуді талап етеді. Тиісінше, пайдаланушының орташа чегі де өседі. Қазір ол бес мың теңгенің төңірегінде, біз бір пайдаланушыдан бір реттік тапсырыс үшін 200 мың теңге көлеміндегі ең үлкен чекті бекіттік. Жергілікті бизнестің болашағы цифрлық технологияларда екені анық. Жергілікті дүкендер мен мейрамханалар онлайн-әлемге бейімделуді үйренсе, бұл оларға пайда әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар бүкіл қоғамға оң әлеуметтік және экономикалық әсерін тигізеді. Міне, осы себептен компания мемлекетке жергілікті экономиканы, оның ішінде, көше сауда орындарын цифрландыруда қолдау көрсету туралы шешім қабылдады, сонымен қатар компания басқа нарықтарда енгізілген технологиялармен бөлісуге дайын», - деді Орталық Азиядағы Glovo бас менеджері Богуспаев Карим.


Диджитализация бренд-серіктестерге ғана емес, курьерлерге де әсер етті. Үш жыл ішінде Glovo қолданбасындағы кем дегенде бір тапсырысты 20 мыңнан астам курьер орындады. Компания «Курьерлердің алдындағы міндеттеме» бастамасының аясында курьерлер үшін іскерлік дағдылар, соның ішінде интернетте табыс табу мүмкіндіктері бойынша курстар өткізеді. 



Ұқсас тақырыптар