inDrive әйелдер құрған IT-стартаптар үшін күреседі

WhatsApp Image 2022-11-15 at 15.02.39.jpeg


Aurora Tech Award командасы – бұл IT-стартаптардың негізін қалаушылар және әйел-кәсіпкерлерге арналған халықаралық сыйлық – Лиссабондағы Web Summit 2022 қатысушылардың назары мен сүйіспеншілігін өзіне аударды.


Web Summit 2022 жүргізген гендерлік теңдік сауалнамасына сәйкес, IT саласында жұмыс істейтін еуропалық әйелдердің 67%-ы ерлерге қарағанда азырақ жалақы аламыз деп санайды, ал олардың жартысы гендерлік кемсітушілікке тап болады.


Кемсітушілік тек жұмыс орнындағы мінез-құлыққа ғана емес, сонымен қатар инвестицияларға қол жеткізуге де қатысты. European Women in VC есебіне сәйкес, 2020 жылы әйелдер стартаптары инвестицияның тек 3%-ын иемденді, ал 2021 жылы көрсеткіш 2%-ды құрады, бұл жағдай IT саласын тек ерлер индустриясы ретінде қалдырады.


inDrive компаниясы мұндай әділетсіздікке төзгісі келмейді, сондықтан қоғам мен инвесторлардың назарын әйелдер құрған ең перспективалы стартаптарға аудару үшін Aurora Tech Award ақшалай сыйлығын құрды.


Заманауи технологиялар саласындағы әйелдер теңсіздігі — маңызды мәселе, тіпті жаңа технологиялар, IT және венчурлық инвестицияларға арналған әлемдегі ең ірі іс-шаралардың бірі — Web Summit inDrive компаниясының Aurora Tech Award бастамасын шақырды және бағдарламаға «Технологиялық әйел-кәсіпкерлер: біз неге қарсы күресудеміз» шеберлік-сыныбын қосты.


Саммиттің екінші күні, 2 қарашада Aurora Tech Award командасы шеберлік-сыныбын өткізді, онда қатысушылар IT-дегі гендерлік дисбаланс мәселелерін, әйелдердің өздерінің жеке және IT-тегі тәжірибелері туралы, сондай-ақ осы саладағы әйелдерді толғандыратын басқа да көптеген өткір мәселелер жайында айтуға мүмкіндіктері бар екенін талқылады. Тақырып соншалықты өзекті болды, тіпті іс-шараға 900-ден астам адам тіркелді.


Форумның спикерлері әртүрлі елдердің танымал әйел-кәсіпкерлері болды.

Садаф Абид (Sadaffe Abid), Пәкістан. Circle Women Association негізін қалаушы және бас директоры. Ол Mount Holyoke оқу орнында бакалавр дәрежесін, Harvard Kennedy School-ден магистр дәрежесін алды, INSEAD-те Advanced Management бағдарламасын аяқтады. Mount Holyoke түлектерінің жетістіктері сыйлығының лауреаты. 


«Гендерлік алалаушылық әлі де бар. Бірақ біз табанды болуымыз керек және осы «ойында қалуымыз керек». Ірі ойнай біліп, индустрияда өз орныңды алу!», - деп Садаф ерекше атап өтті.


Чиома Агвуэгбо (Chioma Agwuegbo), Нигерия. TechHerNG атқарушы директоры және SGBV (Sexual & Gender Based Violence) қарсы қоғамдық қозғалысының ұйымдастырушысы.

Чиома цифрлық шешімдер әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі деп санайды. Сіз оларды кеңінен қолдана аласыз: әйел саясаткерлерді қолдаудан бастап жыныстық және гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы жобаларға дейін.


«Әйелдер мен қыздарға кедейліктен құтылу үшін технологияны қалай қолдануға болатынын көрсету маңызды. Бұл аз қамтылған әйелдерді технология саласында өз жолын бастауға итермелейді», - деді ол.


Айнура Сагын (Ainura Sagyn), Қырғызстан. Бағдарламалық жасақтама жасаушы, Қырғызстанның полигондарына түсетін қалдықтарды азайту үшін адамдар мен компанияларды қайта өңдеушілермен/жинаушылармен байланыстыратын Tazar компаниясының негізін қалаушы және директоры. Tazar — Орталық Азиядағы «жасыл» технологиялар саласындағы перспективалы стартаптардың бірі. Айнура өз сөзінде саладағы гендерлік теңсіздік мәселесінің ауырлығын ерекше атап өтті: «Технологиялық компаниялардағы әйелдер өздерін естірту үшін екі есе көп жұмыс істеуі керек».


Модератор inDrive компаниясының вице-президенті Сардана Михеева болды.


«Бізді естіп, елеп жатса өте маңызды. IT-де гендерлік теңсіздік тақырыптарын көтеру және онымен күресу маңызды. Әйелдер қазірдің өзінде технологиялық дамуға үлес қосуда, демек, әлемнің дамуына үлкен септігін тигізуде, ал жаңа технологияларсыз ғаламды елестету мүмкін емес. Қазірдің өзінде келіп түскен өтінімдерді қарастыра отырып, біз IT саласындағы әйелдердің қаншалықты қызықты дүниелерді іске асырып жатқанын көре аламыз. Web Summit сияқты іс-шаралар бізге өзекті сұрақтарды көтеруге және оларға жауап табуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Aurora Tech Award жобасының жетекшісі Екатерина Смирнова.


Web Summit 2022 70 000-нан астам қатысушыны жинады, олардың арасында 2000-нан астам стартаптар болды. Бұл ретте іс-шара гендерлік теңдікті сақтады, қатысушылардың — 50,5%-ы әйелдер қауымы болды.


Aurora Tech Award туралы:


Сыйлық inDrive жаһандық IT компаниясының коммерциялық емес бастамасы болып табылады. Бүгінгі таңда inDrive  — әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан сапарларға онлайн-тапсырыс беру қызметі және әлемнің 47 елінің 700-ден астам қаласында қол жетімді. Ол 150 миллионнан астам рет жүктелген. inDrive сервисінде жолаушылар тасымалынан басқа курьерлер, жүк және қалааралық тасымалдау қызметтерін табуға, сондай-ақ басқа да қызметтерді алуға болады.


inDrive Калифорнияның Маунтин-Вью қаласында орналасқан және Америка, Азия, Таяу Шығыс, Африка және ТМД елдеріндегі аймақтық хабтарды басқарады. Компанияда 2400-ден астам адам жұмыс істейді.


Aurora Tech Award — бұл жобалары әлемдік дамуға ең үлкен әсер еткен IT-стартаптардың негізін қалаушы әйелдерге арналған жыл сайынғы сыйлық. Жобаның мақсаты — озық технологиялар саласындағы әйелдерді, әсіресе кәсіпкер әйелдерді қолдау.


Сыйлыққа қатысуға өтінімді 2022 жылғы 2 желтоқсанға дейін сайтта беруге болады https://auroratechaward.com/.



Ұқсас тақырыптар