Алматыда «Ұлттық теңге» күніне арналған іс-шара өтті

WhatsApp Image 2022-11-15 at 16.13.11.jpeg


ҚазҰУ “Экономика және Жоғары Бизнес” факультеті “Қаржы және есеп” кафедрасының оқытушылары: Нурмагамбетова А.З, Сырлыбаева Н.Ш, Супугалиева Г.И, Мухаметжанова Ж.С, Турмаханбетова А.А, Кукиев А.Д,  және “Қаржы” мамандығының 2 курс студенттері Ұлттық теңге күніне арнап көшбасшылық дәріс және концерттік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара 2 күнге созылды.


10 қараша күні көшбасшылық дәріске Қаржы және есеп кафедрасының түлегі, қазіргі уақытта “Centercredit” банкінің маркетинг бағытының сарапшысы Абдықадыров Нұрлан келген болатын. Дәріс ақпаратты, әрі студенттер үшін пайдалы болды. Студенттерге банк саласы бойынша ақпараттар айтып, өзінің ақыл кеңесімен бөлісті. Көшбасшылық дәріс сұрақ жауап арқылы қыза түсті. Бұл дәріс студенттер үшін өз мамандықтарының болашағын көруге, әрі жақсы оқуларына мотивация болды. 

WhatsApp Image 2022-11-15 at 16.13.10.jpeg


11 қараша күні “10ge day”  атты концерттік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Оған 2 курс студенттері бар өнерлерін салып, өздерін жақсы көрсетті. Бұл концерттік іс-шараға 1 курс студеттерін шақырып, ойын ойнатылып, бір толқанда болуға шақырды.


Гүлзада Бердіғалиева, 2 курс "Қаржы" мамандығы:


Нарықты зерттейміз деп сан тараптан,

Жиналдық жас буындар үміт артқан.

Қаржыгер маман болар ел өсірген

Шәкірттер шашу шашсын салтанаттан.


Қызылмен белгіленген бүгінгі күн,

Тойлауды жөн көргенбіз ерекше бір.

Келгенге құрмет сыйлап құшақ жая,

Ән-күймен студенттер сыйлады нұр.


Тарихтан тұлғаларды сөйлетіп бір,

Үнсіз тіл - бимен жеткен кешегі өмір.

Білім мен белсенділік қатар жүрсе,

Қаржыгер, мейрамыңда ойна да күл!


Жылы сөз, үлкен жиын, жақын орта,

Теңгеміз басын қосқан себеп бола.

Жүректен жарып шыққан жылы лебіз,

Жүрекке жеткеніне бәрі риза.


 ҚазҰУ “Экономика және Жоғары Бизнес” факультеті 

“Қаржы және есеп” кафедрасының

 оқытушылары: Супугалиева Г.И, Мухаметжанова 

Ж.С, Турмаханбетова А.А.



Ұқсас тақырыптар