Тәуелсіз бақылаушыларды қолдауға арналған автошеру өтті (видео)

WhatsApp Image 2022-11-17 at 09.19.26.jpeg


Өткен жексенбіде Астанада сайлауды тәуелсіз бақылаушыларға арналған автошеру өтті. 


Акцияны «Ел дауысы» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Қоғамдық қордық белсенділері «Біз сіздерді бақылап жатырмыз» ұранымен автокөліктермен елорда көшелерін аралап өтті. Он шақты көліктен құрылған керуен көшелер бойымен жүріп, көлік жүргізушілері  қордың «Біз сіздерді бақылап жатырмыз» атты ұранына қолдау көрсетті. 

 Акция ұйымдастырушылары мен қатысушылары шеруге көліктерін дайындап, «Ел дауысы» қорының ұраны жазылған плакаттарын ілді. 


«Қазіргі кезде бізге қысым көрсетіліп жатыр, тәуелсіз бақылаудың белсенділерін қорқытып, сайлауға қатысуына кедергі бөгет жасауда. Сайлау күні бізге кедергі келтіріп, учаскілерге кіруімізге жол бермеуге тырысатыны ықтимал. Осы акцияны өткізіп, мақсатымыздан таймайтынымызды көрсеткіміз келеді! Біз «Ел дауысы» қорының белсенділерін қолдаймыз әрі Қазақстанның барлық тәуелсіз бақылаушысына қолдау көрсетеміз», – деп мәлімдеді «Ел дауысы» қорының жетекшісі Аида Жексенова. 


 Бұған дейін қордің өкілдері мен жетекшісі Аида Жексенова алдағы сайлауға тәуелсіз бақылауды ұйымдастыру және өткізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқандарын бірнеше рет мәлімдеген болатын. 


«Ел дауысы» штабының жетекшісі командасымен бірге бірнеше өңір: Петропавл, Қарағанды, Көкшетау, Түркістан, Алматы және Қызылорданы аралап келді. 


«Мен ел дамуына жанашыр, белсенді адамдарды «Ел дауысы» қоғамдық қоры туының астына біріктіргім келеді. Бәлкім әзірге біз Қазақстандағы сайлау науқандарын жай ғана бақылаушымыз, ал уақыт өте келе сайлау процесіне тікелей қатысатын боламыз», – деп жазды өзінің Facebooк парақшасында Аида Жексенова. 


Бұдан басқа «Ел дауысы» ҚБ еліміздің әр облысы мен қалалары әкімдігінің сайттарына талдамалық мониторинг жүргізіп, қате мәліметтерді анықтады. Сайттарда азаматтарға арналған сайлау туралы қажетті ақпарат толық болмай шықты, тіпті кейбір сайтта бірнеше бұзушылық анықталған. Ақпараттық қамтамасыз етуге немқұрайлы қарау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңының бірнеше тармағын бұзады. 


«Ел дауысы» – Қазақстан Республикасындағы сайлауды тәуелсіз бақылаушылардың қоғамдық қоры. Қазіргі уақытта Қорға 1250-ден астам ерікті тіркелген.

<img width="420" height="280" _url="

" class="edui-faked-video" src="https://www.mezgil.kz/e/extend/ueditor/themes/default/images/spacer.gif" style="background:url(https://www.mezgil.kz/e/extend/ueditor/themes/default/images/videologo.gif) no-repeat center center; border:1px solid gray;" />

" class="edui-faked-video" src="https://www.mezgil.kz/e/extend/ueditor/themes/default/images/spacer.gif" style="background:url(https://www.mezgil.kz/e/extend/ueditor/themes/default/images/videologo.gif) no-repeat center center; border:1px solid gray;" />





Ұқсас тақырыптар