Шахматтан желілік спартакиада өз мәресіне жетті

Снимок.JPG

NIS мектептерінде үш күнге созылған шахматтан желілік спартакиада өз мәресіне жетті. Шахмат бұл – ақыл-ойдың спорты. Шахмат адамды жылдам ойлауға, шешім қабылдауға және нақты қадам жасауға итермелейді. Шахмат ойындары логика мен ойлау қабілетінің дамуына септігін тигізетіні анық. Желілік спартакиадаға Шымкент қаласы ХББ NIS-тен 8 оқушы бақ сынады. Осы орайда, ойынға қатысқан оқушылардың барлығы да өте мықты екенін айта кету керек.

WhatsApp Image 2022-11-22 at 12.23.14.jpeg

– Бұл өте керемет турнир. Себебі, осы арқылы біз деңгейімізді көтеруге, қателіктерімізді білуге мүмкіндік аламыз, – дейді турнирге қатысушы Даниял Әлімқұл. Бұл спартакиада барлық қатысушыларға өте үлкен тәжірибие алаңы болды. Жеңіс бар жерде – жеңіліс те бар. Алдағы ойындарда жеңіс туын оқушыларымыз көтереді деген ойдамыз. Шахмат спартакиадасына қатысқан барша оқушыларды құттықтаймыз. Жеңісті күндеріңіз көп болсын!

 



Ұқсас тақырыптар