Алматыда алғаш рет «Щелкунчик» мұз шоуы қойылады

5.jpg


Атақты жазушысы Гофманның "Щелкунчик" ертегісі мұз айдынында сахналады. Алматылық көрермендердің назарына алғаш рет белгілі спортшы, Олимпиада чемпионы Илья Авербух жаңа жылдық мерекелерлің қарсаңында мұз шоуын ұсынады.


Мерекелік шоу қарсаңында Илья Авербух БАҚ өкілдері мен блогерлермен онлайн кездесу өткізіп, гастрольдік сапар жайында сұрақтарға жауап берді. Алматы қаласына алдын ала тек декорация жабдығы арнайы үш жүк көлігімен жөнелтіліп, бас аяғы жүздеген адамның қатысатынын айта кетті.


"Ғажайыпқа толы Жаңа жыл мерекесін "Щелкунчик" ертегісіз елестету мүмкін емес екені баршаңызға мәлім. Бұл шоудың жарыққа шыққанына біраз жыл болса да Алматыда алғаш рет сахналады. Олимпиада чемпиондары мен мұз айдынының жұлдыздарының қатысуымен өтеді. Сондай-ақ, қазақтың мақтанышына айналып үлгерген жас спорт майталманы Элизабет Тұрсынбаева да өнер көрсетеді. Екі күн қатарынан өтетін әдемі қойылымға баршаңызды шақырамын", - деді Илья Авербух.


Қойылымдағы рөлдерді  Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері Алексей Ягудин, Татьяна Тотьмянина, Оксана Домнина, Роман Костомаров, Максим Шабалин және тағы басқалар сомдайды.


Мұз айдынындағы спорттық көріністермен қатар, дыбыс, жарық, басқа да техникалық әсерлерге ерекше назар аударылған. Сол себептен, мұз айдынындағы "Щелкунчик" тек балалардың ғана емес, ересектер жандардың көңілінен шығып, ертегі әлеміне саяхат жасауға жол беретін қойылым. 


Сондай-ақ, Илья Авербух Алматы қаласындағы гастрольдік сапар аясында медеу мұз айдынының 50 жылдық мерейтойына арналған үлкен шараға қатысатынын ерекше атап өтті.


"Алматы десе, Медеу мұз айдыны көз алдымызға келеді. Сіздердің ғана емес, әлемнің мақтанышына айналған марқұм Денис Тен де мәңгі жадымызда. Оның бастаған ісі табысты жалғасып келе жатқаны қуантады. Мұз айдынындағы қойылымдар әрдайым көрермендерді таң қалдырып, оларға қуаныш сыйлау үшін жасалған. Сондықтан көрермендерге қуаныш сыйлаудан біз еш шаршаған емеспіз", - деп түйіндеді өз сөзі спорт саңлағы.


«Щелкунчик» ертегіс өз көрерменін 24-25 желтоқсанда Almaty Arena спорт кешенінде асыға күтеді


Ұқсас тақырыптар