Шымбұлақ жаңа маусымға сақадай сай

WhatsApp Image 2022-11-24 at 10.05.23.jpeg


25 қараша күні, Шымбұлақ қысқы маусымы ашылды. Пандемиядан кейін Шымбұлаққа келушілер саны артып келеді, мәселен 2020-2021 маусымда  есебі 789 613 адам оның ішінде қысқы сезоны 482 743 болса жаз сезонына 306 870 жан келген. 2021-2022 маусым аралығында көрсеткіш едәуір көтеріліп келушілер саны 1028 358 рекордтық деңгейге шықты. Шымбұлаққа келушілер көбіне қысқы маусымды таңдайды осы ретте Шымбұлақ биылғы қыстық маусымға дайындығы қандай?


 «Шымбұлақ бастысы әлеуметтік жобаларды қорғайды, оның ішінде көп балалы отбасылар, мүгедек немесе жетім балалар, толық қанды емес отбасының балалары үшін жеңілдіктер қарастырылған» дейді, «Шымбұлақ» ТК қаржы директоры Алмас Маратұлы.  

Әлеуметтік бағдарлама шеңберінде Шымбұлақта тегін жүру, сырғанау  статусы мүгедектер мен зейнеткерлерге 5 жасқа дейінгі  балаларға берілген. Өткен маусымда 90 160 бала мен 8 962 зейнеткер пайдаланған. Болашақта бұл сандарды артыру көзделіп отыр. 

Шымбұлақ әуесқойлар сайысын жандандырады. Жаңа маусымда Tan Media Cup әуесқойлар сайысының сериясын жалғастыруды жолға қойған әкімшілік 15 қаңтарда World Snow day іс шарасы 17-20 наурызда фристайл-могул мен фристайл-акробатика дайындығына қызу кірісіп кеткен. Бұл жарыстарға әлемнен 50 мемлекеттен қатысушы келіп, 10 мың көрермен, тікелей онлайн трансляциядан 500 000адам көреді деп жоспарлануда. 


Балаларға арналған тау лагері El Kiddo Shymbulak. Лагер   биылғы маусымнан бастап 15 жасқа дейінгі балаларды қабылдай бастады. Салауатты өмір салтын бірінші орынға қоятын лагерде балалар жататын тамақтанатын орынмен қамтамасыз, әр түрлі спорт түрінен үйретуші мамандармен бірлесе қызықты ойындар өткізіледі екен. Ата-анасы алаңсыз тау басына сырғанап келуге кеткенде, қарап қалатын кішігірім ойын алаңдары мен бала бағушылар да бар. 


Гүлнәр Тілеуханова демалушы:  Мен Алматыдан немереммен келіп жатырмын. Бұл жерде 1 аптаға алдық, бұл жерге бұрындары  студенттермен келіп жүргенімін, кураторскимен. Таза жанға шипа,  өкпеге пайдалы.  Әсересе Алматы сияқты көк түтіннен көрінбейтін қаланың тұрғындарының көбісі алергиямен ауырады. Бронхитті астма көп, соның бәрі таза ауаның жеткіліксіздігінен. 

Жаңа жолдар. 2022-2023 маусымында  «Шымбұлақ» ТК  «Құрғақ Сай» жобасын іске асырды. Ол бұрынғы жолдан өзге 3 шақырым жолды қосуға мүмкіндік берді.  Сонымен қатар,  сырғанай білмейтін, бастапқы деңгейдегі адамдар үшін, жаңа қысқы «Шымбұлақ» б/с жаңа әрі мүлдем қауіпсіз оқу жаттығу жолы іске қосылып жатыр. 


    Аида Қожмамбетова



Ұқсас тақырыптар