HUAWEI Mate50 сериясы сатылымға шықты

Mate_50 series.jpg

Huawei Device Қазақстан нарығына HUAWEI Mate50 және HUAWEI Mate50 Pro флагмандық смартфондарын ұсынады. Жаңа үлгілер суреттің апертурасы мықты XMAGE камерасымен және EMUI 13 сенімді операциялық жүйесімен жабдықталған. Сонымен бірге Қазақстанда HUAWEI Mate50 Pro үлгісінің артқы панелі сарғылт түсте, экобылғарыдан жасалған корпуста және құлағанға төзімді «Kunlun» әйнегімен алғаш рет ұсынылмақ. 


Жаңа смартфондар тізбегі түрлі түсте ұсынылады: HUAWEI Mate50 үлгісі «сәнді қара» және «қарлы күміс» түстерінде, ал HUAWEI Mate50 Pro үлгісі «таудағы таңсәрі» түсінде де қолжетімді болады.


HUAWEI Mate50 сериясы қай қырынан қарасаң да, тартымды: жаңа смартфондар камерасының пішіні симметриялы келген сүйкімді модулі алғаш рет Clous de Paris сатылы бедері бар дизайнмен сәнделген, мұнда кішкентай тетіктеріне дейін ойластырылған тәртіпті сұлулықтың жаңа түрі бейнеленген – мұндай шешім технологиядағы эстетиканы бағалайтын әрбір жанның көңілінен шығатыны анық. 


Қазақстандықтар HUAWEI Mate50 сериясының смартфондарын бүгіннен бастап компания серіктестерінің сайттарынан сатып ала алады, олар: Мечта, Sulpak, Technodom, сонымен қатар Kaspi.kz қолданбасындағы Huawei Official Store ресми онлайн дүкені.


Әрбір үлгінің ұсынылатын бөлшек сауда бағасы төмендегідей:

HUAWEI Mate50 Pro (8+512 Гб «таудағы таңсәрі» түсінде ғана қолжетімді) – 599,990 теңге. HUAWEI WATCH GT 3 Pro White Leather Strap смарт-сағаты сыйлыққа беріледі


HUAWEI Mate50 Pro (8+256 Гб «сәнді қара» және «қарлы күміс» түстерінде)  – 549,990 теңге. HUAWEI WATCH GT 3 (42mm) Black/Light Gold смарт-сағаты сыйлыққа беріледі


HUAWEI Mate50 (8+256 Гб «сәнді қара» және «қарлы күміс» түстерінде) – 499,990 теңге.  HUAWEI WATCH GT 2 (46 mm) Matte Black смарт-сағаты сыйлыққа беріледі


Kunlun мықты әйнегі – экранға зиян келуден сенімді қорғаныс

Аса төзімді «Kunlun» әйнегі композитті иондармен қуаттау нәтижесінде пайда болған миллиардтаған нанометрлі кристалдардан тұрады, осының арқасында ол құлау кезінде анағұрлым иілгіш әрі төзімді болады, бұл швейцарлық SGS компаниясының әйнектің төзімділігіне берген бес жұлдызды сертификатымен расталған. Сарғылт түсті HUAWEI Mate50 Pro үлгісі осындай сертификат алған алғашқы телефон болды, бұл Huawei компаниясының материалтану саласындағы тағы бір жетістігі. Оған қоса, HUAWEI Mate50 өмірде болатын кез келген жағдайға төтеп беру үшін жаратылған. Ол шашырандыдан, судан және шаң-тозаңнан IP68 стандартына сай қорғанысқа ие, сонымен қатар 6 метр тереңдікке дейін су өткізбейді. 


XMAGE-пен бірге фотографияға түсірудегі революциялық тәжірибе

HUAWEI Mate50 сериясының смартфондары апертурасы мықты және реттелетін 10 дәрежесі бар физикалық диафрагмамен жабдықталған, ол мобилографиядағы ең үздік жетістіктерді қамтыған. Интеллектуалды диафрагма автоматты режимде анықталған диафрагманың өлшеміне, сахна мен түсіру сценарийіне сай реттеледі. Кәсіби режимде ашықтықты және бұлыңғырлық дәрежесін қолмен реттеуге болады.

Суреттердің статикалық түсірілімін жетілдіре түсу үшін алдыңғы қатарлы жабдық пен алгоритмдер тереңінен енгізілген. Ultra Aperture камерасы XD Fusion Pro графикалық қозғалтқышымен жұмыс істейтін және жарық өткізу деңгейі өте жоғары F1.4 үлкен диафрагмасымен жабдықталған, бұл суреттің түстерін қанық етіп, жарық пен көлеңкені, суық және жылы түстерді салыстыра отырып, түсірілімді керемет реттеуге мүмкіндік береді. Түнгі түсірілім режимі, тіпті, жарық аз түсетін жерлерде ашық және қара аймақтарды анық түсіреді. Портреттік режим объектіні қоршаған ортадан бөліп, айқын көрсету үшін фонды бұлыңғыр етіп түсіреді. Телеобъективті камера 200X дейін ұлғайту диапазонын ұстана алады, осының арқасында алыстағы бейнелерді жақындатып түсіруге болады. Кең бұрышты макро-камера миллиметрге тең кішкентай нәрселердің өзін айрықша анық түсіріп береді. Сонымен қатар бұл смартфондар қозғалыстағы сахнаны дәл көрсету үшін бейнежазбаның макротүсірілімін және «бейне ішіндегі бейне» (PiP) макротүсірілімін де жасауға мүмкіндік береді.


EMUI 13-пен бірге жеке, өнімді әрі қауіпсіз 

Оған қоса, HUAWEI Mate50 сериясында компанияның дербес операциялық жүйесінің жаңа нұсқасы - EMUI 13 ұсынылады, ол күнделікті қарым-қатынасты қарапайым етіп, бір түртумен-ақ  жұмыс істейтін интеллектуалды сервистердің жіксіз кең спектрін ұсынады. Құпиялылық орталығы жеке ақпаратқа қол жеткізе алатын барлық қолданбалардың әрекеттерін шынайы уақыт режимінде жазып отырады. HUAWEI Mate50 сериясының смартфондары бейнелерді де қорғайды, бұл сіз бейнені біреуге жібергенде телефон орналасқан орныңыз және уақыт секілді жеке ақпаратты автоматты түрде өшіріп тастайды деген сөз.


SUPER өнімділік 

HUAWEI Mate50 тізбегінің үлгілері өнімділікті арттыратын алдыңғы қатарлы технологиялармен жабдықталған. SuperHold технологиясы үздіксіз көпміндеттілікті қамтамасыз ету үшін жадыны орынды таратады. SuperRender технологиясы пиксельдер деңгейінде кадраралық болжам есебінен энергия тұтынуды үнемдеп, кадрлардың жиілігі жоғары болған кезде телефонның қызып кетуіне жол бермей, ойын үрдісінің тұрақтылығын сақтап қалады, SuperStorage файлдардың дубликаттарын білдірмей жойып отырады да, сирек қолданылатын қолданбаларды қысып қояды. Бұл 20 ГБ дейін бос орын үнемдеп (телефонда тұрақты 256 ГБ жады бар), қазіргі заманғы пайдаланушылар жақсы көптеп түсіретін фотографиялар мен бейнежазбаларға орын босатады. 


HUAWEI SuperCharge жылдам қуаттау жүйесі

Бейнежазба түсіру және ойын ойнау секілді қолданбаларды қолдану жиілігі өскен жағдайларда автономды жұмыс істеу қиыншылықтарына төтеп беру үшін Huawei компаниясы оперативті қуаттау технологиясы саласында да көшбасшы болуда. HUAWEI Mate50 сериясының флагмандары сыммен 66 Вт тең және сымсыз 50 Вт тең SuperCharger жылдам зарядтау технологиясын ұстанады. Қуатты үнемдеуге арналған инновациялық режим батареяның қуаты 1% дейін төмендегенде энергия тұтыну деңгейін жоғарлатып, күту режимінде 3 сағат бойы немесе сөйлесу кезінде 12 минут жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 


HUAWEI AppGallery дүкенінде жақсы көретін қолданбаларға қолжетімділік

HUAWEI AppGallery-дің көмегімен HUAWEI Mate50 сериясында  ең жиі қолданылатын қолданбаларға қол жеткізуге болады. HUAWEI AppGallery дүкені Huawei мобильді сервистерін біріктіруге арналған болашағы зор платформа және Huawei құрылғыларының пайдаланушылары үшін 170 астам ел мен аймақта қызмет көрсетеді.

HUAWEI AppGallery қолданбалар дүкені Huawei Mobile Services құрамдас бөлігі ретінде – әлемдегі танымалдығы бойынша қолданбаларды таратуға арналған үшінші орындағы платформа. 



Ұқсас тақырыптар