«Біздің университет әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып келеді»

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың: «Жер бетінде университеттей қасиетті орын сирек, онысыз елдің өрекениеті олқы соғады. Университет прометей алауы сынды білім қуғандарға өз шұғыласын шашып тұрады», дегені бар. Кемеңгердің осы ойынан-ақ, университеттің ұлт өркениетіндегі теңдессіз үлесін бағамдауға болады. Ал қазақ өркениеті мен ғылым – білімі үшін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың алар орыны бөлек. Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші университеті саналады. Білім ордасы  білім мен ғылымды инновациялық дамытудың ұлттық көшбасшысы болып келеді.

157865-image.jpg

Қасиетті оқу орыны биыл да толағай табыстарға қол жеткізді. Айталық, алғаш рет Қазақстандық университет – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдегі 800 ең үздік университеттер арасында жоғары орынға ие болып, QS «World University Rankings» халықаралық рейтингісінде тағы жоғары орынға көтерілді. Бұл топқа посткеңестік кеңістіктен тек екі университет кіреді: ҚазҰУ және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (РФ). Бұл жетістік әлемдік өркениеттің көшіне ілесіп, дүние дамуына өзіндік үлес қосып келе жатқанымызды айғақтайды.

Қазақстанның жоғары оқу орындарын әлемдегі ең үздік 200 университеттер қатарына кіру міндеті қойылған. Соңғы бес жылда университет «QS WUR» рейтингісінде 400-ден астам позицияға көтерілді. Әлемдік тәжірибеде бірде-бір университет осындай өсу динамикасына қол жеткізіп көрмепті.

ҚазҰУ-дың осы рейтингіде табысты ілгерілеуінің маңызды факторына құрылымдық модернизация, басқарудың жоғары тиімділігі жатады. Сондай-ақ соңғы бес жыл ішінде 40 пайызға өскен бірегей инфрақұрылымның қарқынды дамуы - негізгі көрсеткіш.  Әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу бағытын сақтай отырып, ҚазҰУ медицина-биологиялық және инновациялық ІТ кластерін қалыптастырғанын атап өткен жөн. Осы кешенді жобалар келешекте ел дамуынада өзіндік ықпал етеді деген сенім бар.

7c6d178f908716ac1093bd79c935b34e.jpg

Бүгінде ҚазҰУ-дың таңғаларлық тәжірибесін әлемнің жетекші университеттері зерттеу үстінде. бұл университеттің жоғары бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші болып табылады. Қазақстандық жетекші жоғары оқу орнының әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіндегі артып келе жатқан рөлін ескере отырып, «QS Worldwide» Атқару кеңесі 2019 жылдың қыркүйегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ негізінде бүкіләлемдік форум және жоғары оқу орындарының халықаралық көрмесін өткізу туралы шешім қабылдағаны ойға оралады. Осындай ауқымды іс-шараны өткізу Қазақстанның өсіп келе жатқан беделін айғақтағаны рас. Білім шаһары жастардың жаһандық өркениетке деген талпынысына үздік үлес қосатындығына сенім мол. Алдағы уақытта да, қазақ ғылымының қарашаңырағы саналатын университет әлемдік бәсекеге қабілетті ел құру бағытында ірге тас бола алатындығы шүбәсіз.


Тоқсанбаева Нұргүл Қорғаджанқызы,

психология ғылымдарының докторы,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жалпы

және қолданбалы психология

кафедрасының профессоры.

Закарьянова Шынар Нурбековна,

Педагогика ғылымдарының кандидаты,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жалпы

және қолданбалы психология

кафедрасының аға оқытушысы.

 



Ұқсас тақырыптар