«ҮЛКЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕР МЕН МАҚСАТТАРДЫ ОРЫНДАУ ҮШІН ЖОЛҒА ШЫҚТЫҚ»

Түркия Республикасы Жас ғалымдар одағының төрағасы Юнус Кожабыйык мырзамен сұхбат

WhatsApp Image 2022-11-25 at 15.16.42.jpeg

– Құрметті Юнус мырза сұхбат беруге келіскеніңізге алғысымызды білдіре отырып, алғашқы сұрағымызды жолдаймыз. Өзіңіз басшылық ететін Жас ғалымдар одағы туралы айтып берсеңіз, ол қандай ұйым, мақсаты қандай? Жұмыс істеу тәртібі қандай?

– Ең алдымен осы әдемі шақыруыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Жас ғалымдар одағы Түркиядағы жоғары білімнің сапасы ғалымдардың саны мен сапасына тікелей әсер ететін сол арқылы сан мен сапаны арттыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруды мақсат еткен жаста болса, жұмыс ауқымы кең ұйым. Біздің мақсатымыз – жоғары оқу орындарында жұмыс істейтін жас ғалымдардың, магистратура мен докторантурада білім алып жатқан ғылыми қызметкерлердің сапасын арттыру және бакалавриат студенттерінің ғалымдық туралы ой-өрісін арттыру және университеттерге қажет ғылым кадрларын дайындауға жол ашу. Біздің барлық іс-әрекетіміздің астарында тұрған басты мақсатымыздың негізі осы жол деп айтуға болады. Ал осынау мақсатты жүзеге асыру үшін өте жақсы құрылым бар. Құрамында көптеген атақты профессор және ғылым докторлары және университет ректорлары бар консультативтік кеңесіміз де бар. Біздің Одақтың шаңырағының астында жастардан құралған ғылым жолындағы ізденуші Түркияның 36 аймағынан және 16 мемлекеттен  өкілдеріміз бар және мыңнан астам мүшеміз біздің іс-шараларымыздың ұйымдастыру мен өткізуге көмектеседі, сондай-ақ 18 адамнан тұратын ақылдасу кеңесіміз қалыпты жұмыс істеп келеді. Жалпы айтқанда құрылымымыз Жас ғалымдар одағы күн өткен сайын қанатын кеңге жайып келеді.

– Жоғарыда айтқан мәселелерге жету үшін басқа да жолдар бар емес пе? Мұндай одақ не үшін қажет болды? Бұл тұрғыда жоғары білімнің қажеттілігі қандай?

– Түркияға мұндай құрылым әртүрлі аспектілерден қажет. Солардың екеуін ғана айтып өтейін. Біріншіден, ең қарапайым екі мысалмен жеткізер болсам Түркияның қорғаныс өнеркәсібі соңғы уақытта ковидке байланысты дәрі және вакцина зерттеулер саласында ұзақ та сындарлы жолдан өтті. Бұл тек теориялық тұрғыдан әбден шыңдалған, ғылымды тәжирбе жүзінде жүзеге асырып, оны қоғамға енгізетін ғалымдардың қолынан келетін шаруа. Сонымен қатар, Түркия Жерорта теңізінде үлкен күрес көрсетіп жатыр. Мұндай күресте басым түсу үшін арнайы дайындалған және білімді ғалымдардың еңбегімен ғана мүмкін болмақ.

Екінші мәселе – көзіміздің қарашығындай бағалы саналатын жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттеріміз. Қазіргі уақытта Түркияда 8 миллионнан астам жас еліміздің түкпір-түкпіріндегі университеттер қабырғасында білім алып жатыр. Бұл көрсеткіш Түркия халқының 10%-ға жуығы. Міне, осы тұста біздің ғалымдар жастарға тікелей әсер етіп, оларды академиялық тұрғыдан тәрбиелеп, өз ортасына тарту арқылы адамгершілік көзқарас танытуға мүмкіндік береді. 8 миллион студентті оқытып, білім беру, тәрбиелеу және оларды қоғамға мықты маман ретінде дайындап қосу үлкен жұмыс екені түсінікті. Осынау үлкен қажеттіліктер мен мақсаттарды орындау үшін жолға шықтық. 

WhatsApp Image 2022-11-25 at 15.16.05.jpeg

– Университеттер Академиктерге қандай қызметпен айналысасыз?

– Сөз басында тілге тиек еткеніміздей, университетте жұмыс істейтін ғалымдардың сапасын арттыру мақсатындағы іс-шараларды жүзеге асыру біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Осы мақсатта “Академиялық жазу шеберханасы” деген жобасыз тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқанын атап өткім келеді. Жас ғалымдардың магистратура мен докторантура сатысында басынан өткеретін ең үлкен мәселелерінің бірі – зерттеу нәтижесінде алған тұжырымдары мен мәліметтерін академиялық мәтінге айналдыру. Осы қажеттілік үшін біз өткен көктем мен күзде Академиялық жазу семинарын ұйымдастырдық. Жалпы алғанда 1000-нан астам магистранттар мен докторанттар қатысты. Мұндай тренингті әр семестрде жүйелі түрде жалғастырамыз. Сонымен қатар, шет тілі бойынша да тренингтеріміз, магистратура мен докторантура мәселелері апта сайын талқыланатын «Жастар академиясы» бағдарламасы және ай сайын ғалымдардың тәжірибесін тыңдайтын «Академик ізімен» атты бағдарламамыз жүйелі түрде жұмыс жасайды.

– Түркияда ғалымдарға қатысты көптеген мекемелер мен ұйымдар бар, олармен бірлескен іс-шаралар, жобалар бар ма?

Біз ғалымдарды қолдаушы және жағдай жасаушы ұйым ретінде Түркмядағы  білім саласындағы барлық мекемелер, ұйымдарымен тығыз байланыстамыз. Атап айтқанда, YTB, TIKA, TÜBİTAK, TÜBA, Түрік тарих қоғамы, Ұлттық агенттік, Юнус Эмре институты, AFAD, Ішкі істер министрлігі, GSB, Ұлттық кітапхана және, барлық университеттеріміз ортақ жобаларымыз бар. Көптеген жобаларды бірге атқарып келеміз. Мәселен, Шетелдегі түркілер және туысқан қауымдастықтар (YTB) төрағасымен бірлесе қолға алған жобаны айта аламын. Елімізде бір жылдан астам уақыт бойы YTB-мен бірге магистратура мен докторантурада оқитын ізденушілерге арнап, «Түлектерге академиялық кеңес беру» жобасын жүргізіп келе жатырмыз. Осы уақытқа дейін бұл жоба аясында өз саласы бойынша жас ғалымдарға шамамен 700 сағаттан астам уақыт жеке кеңес беру қызметтерін көрсетілді.

WhatsApp Image 2022-11-25 at 15.15.48.jpeg

– Қазір әлемдің деңгейде барыс-келіс артты, соның әсерінен әлемдік қашықтық ұғымы шағын болып қалды. Сіздердің ұйымдастыруларыңыздағы халықаралық іс-шаралар және оның бағыты және мақсаты туралы да айта отырсаңыз!

– Біздің мақсатымыз – қызметіміз бен жобаларымыздың мемлекет деңгейінде ғана емес, халықаралық маштабта да қарқынды жұмыс істейтін бірлестік болуды мақсат етіп отырмыз. Соңғы 2 жылда 16 елде өкілдер тағайындадық. Бізде барлығы 30 түрлі елден мүшелер бар. Біз халықаралық жобаларымызды қарқынды түрде асыру бойынша жұмыс жоспарымыз бар.

2021 жылдың 23-24 желтоқсанында Анкарадағы Президент Резиденциясы Кешенінде TIKA және YTB қолдауымен және он екі университеттің қатысуымен «Түркі әлемі жас ғалымдарының халықаралық конгресін» ұйымдастырып өткіздік. Құрылтайымызға Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Кипр, Ноғай, Румыния татарлары, Литва татарларынан Қырым, Башқұртстан сияқты туысқан елдерден жас ғалымдарды шақырып, жалпы саны 40-қа жуық түркі жас ғалымдарды және түркиялық 40-қа жуық жас ғалымдардың басын қосып, конгресс өткіздік. Осынау халықаралық іс-шаралар мен жобаларды жыл сайын өткізіп тұру туралы ойымыз бар.

Оқу, білім саласында ақпараттық насихаттың орны бөлек. Өзіңіздің басқаруыңыздағы Одаққа қарасты ғылыми және танымдық ақпарат құралдары туралы айта отырсаңыз!

– Одақтың «GAB ACADEMY» деп аталатын әлеуметтік ғылымдар журналын шығарып келеміз. Біздің журнал алғашқы санынан бастап халықаралық индекстер бойынша өз орнын ала бастады. Мақсатымыз, аталған – журналымызды әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша әлемдік ақпарат құралдарының қатарына қосу. 

Жас ғалымдар одағы жанынан құрған «Мәтін қатарлары» атты баспа ұйымымыз бар. Біздің тарихты зерттеу тобымыз профессордың редакторлығымен дайындаған екі жинақтық басылымымыз бар. Біз семинарлар, симпозиумдар мен конференциялар сияқты бағдарламаларды шығаруды, сондай-ақ жас ғалымдардың тезистері мен еңбектерін жариялау арқылы қоғамға үлес қосуды мақсат етеміз.

Ғалым болуды армандайтын студенттерге арналған іс-шараларыңыз туралы да айтып берсеңіз.

– Бізде «Ғалымдарды (академиктерді) даярлау бағдарламасы» деген сөздің қысқартылған AYEP (түрік тілінде) деп аталатын бағдарламамыз бар. Бұл бағытта жыл бойына өтініш берген студенттерге ALES, шет тілі бойынша білім беру және академиялық кеңес беру қызметтерін ұсынамыз. 2021-2022 оқу жылында біз бакалавриаттың 250 студентіне 120 сағат ALES және 120 сағат шет тілін оқыту, сондай-ақ академиялық кеңес беру қызметтерін көрсеттік. Біз бұл бағдарламаны жыл сайын жалғастырамыз және университеттеріміздегі білікті академиктердің қажеттіліктеріне аз болса да үлес қосуды мақсат етеміз деп үміттенемін.

WhatsApp Image 2022-11-25 at 15.16.55.jpeg

Және соңғы сұрағымыз, Жас ғалымдар одағының алдағы мақсаттары қандай?

– Ең алдымен, біз әрбір атқарған іс-әрекетіміздің сабақтастығын қамтамасыз етуді мақсат етеміз. Барлық елдің барлық аймағымен туысқан елдердегі өкілдіктерімізді толық құру жұмыстарын реттеу, тиісті мекемелер үшін дайындаған барлық жобаларды жүзеге асыру, келесі жылдарда бүкіл Түркияда YTB жобамызды жүзеге асыру, бакалавриат студенттері үшін академиялық өмірге дайындық және мансаптық жоспарлау бағдарламаларын ұйымдастыруды мақсат етіп отырмыз. Түркия университеттерде жұмыс істейтін барлық жас ғалымдармен байланыс орнату, бірлескен іс-шаралар мен жобаларға қол қою және барлық академиялық салаларда зерттеу топтарын құру арқылы ғылымның орталығы болуды негізгі бағыттарымыздың бірі деп білеміз.

Алға қойған мақсаттарымызға тұрақты түрде жеткенде, 10-15 жылдан кейін жоғары оқу орындарында жұмыс академиялық білікті орта құру арқылы халықаралық академиялық қарым-қатынастары мықты академиктерге жол ашуға септігіміз тиеді деп ойлаймыз. Біздің мақсаттарымыз тек Жас ғалымдар одағы үшін ғана емес, университеттеріміздің, тіпті еліміздің болашағы үшін өте маңызды деп ойлаймыз.

 

Сұхбаттасқан Еркінбек СЕРІКБАЙ



Ұқсас тақырыптар