Құқықтық статистика комитетінің және ҚР Бас прокуратурасының арнайы есептеріне сай елімізде 11 ай ішінде 12,5 мың ЖКО тіркелген. Оның жүргізушілердің, велосипед жүргізушілердің және жүк тасушылардың өзге бұзушылықтары бойынша 782 жағдай, ал велосипед жүргізушіні қағып кету бойынша 297 жағдай орын алған. Апаттардың көп бөлігі еліміздің Астана, Алматы және Шымкент секілді ең ірі қалаларында тіркелген. Бұл жағдайды мемлекеттің, жеке кәсіптердің және қоғамдық қорлардың күшін біріктіре отырып реттеу ұсынылып отыр. Бұл туралы Қазақстанның үш қаласында жолда жүру қауіпсіздігі бойынша тренингтерді бастамалаушылар әңгіме етті.
Glovo Орталық Азиядағы бас менеджері Богуспаев Карим:
«Үш жыл ішінде Glovo платформасымен ынтымақтастық орнатқан курьерлер 52 миллион шақырым жолды жүріп өтті. Курьерлер арасында барлық жол қозғалысына қатысушылары, яғни жаяу жүргіншілер, автокөлік жүргізушілері, велосипед, мопед, және скутер жүргізушілері бар. Жеткізу қызметінің Қазақстандағы қала өміріне әсері бар екенін білеміз, сондықтан Glovo компаниясы «Курьерлерге міндеттеме» бастамасының бір бөлігі ретінде полиция мен қоғамдық қорлардың қатысуымен жол қозғалысы ережелері мен қауіпсіздік бойынша тренингтер өткізіп тұрады. Мемлекеттік органдардың, жеке кәсіпкерлік бастамалардың күш-жігерін біріктіру және азаматтардың мүдделерін білдіретін қоғамдық бірлестіктерді қолдау арқылы жағдайды жақсы жаққа өзгертуге болады»
Сондай-ақ компания Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен тығыз байланыста жұмыс істейтінін және қозғалтқыштың көлеміне қарамастан, жүргізуші куәлігі және мопед жүргізушілерін тіркеу бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу туралы бастамашылар тобының жұмысына қатысатынын айтты.
21-25 қараша аралығында Glovo курьерлері қауіпсіздік және алғашқы жәрдем беру бойынша кезекті ауқымды курстан өтті. Әрбір қаладағы қатысушылардың бес легі үш оқыту бөлігінен тұратын курстан өтті. Курс көлікпен қатынасу және жол жүру ережелері, дәрігерге дейінгі алғашқы жәрдем көрсету бойынша теория бөлігі, көлік құралын техникалық инспекциялау және жол жүру ережелерін ұстану бойынша практикалық бөлімнен тұрды. Курстың соңында барлық қатысушылар білімді игергенін тексеру тестінен өтіп, қорғаныс жабдық заттарын сыйлыққа алды.
Мастер-класс дәрісін Urban Forum Kazakhstan (EASST Тұрақты әрі қауіпсіз көлік үшін шығыс альянсының өкілі) қатысуымен Қазақстанның Қызыл Жарты ай қоғамы өткізді. Бұл тыңдармандар қажетті теориялық дайындықтан басқа нұсқаушылардың басшылығымен түрлі жағдайларда жасалатын әрекеттер алгоритмін тәжірибе жүзінде манекендерді қолданып немесе бір-бірімен үйренетін интерактивті курс. Бұл бастама мопедтер мен самокат айдаушылардың қатысуымен болатын ЖКО санын, сонымен қатар жолдағы апаттар кезіндегі өлім жағдайларын азайтуға бағытталған.
Курс тренерлері алғашқы жәрдем көрсету бойыншы дәріскурьерлерге өздері тікелей ЖКО түскен жағдайда ғана емес, олар осындай жағдайға куәгер болғанда да қажет болатынын айтты. Мұндай жағдайда оқудан өткен, дайын адамдар жедел жәрдем бригадасы келіп жеткенге дейін зардап шегушілердің күйін қалыпқа келтіріп, төтенше жағдайда ол адамдардың тірі қалу мүмкіндіктерін асыра түседі. Оған қоса, алғашқы жәрдем көрсету машықтары тұрмыстық жағдайларда да аса қажет. Алғашқы жәрдем көрсете білу өте маңызды, себебі оқиғадан кейінгі алғашқы минуттар зардап шегушінің денсаулығы мен өмірі үшін шешуші сәт болып табылады.
Халықтың тұрмыста, сондай-ақ өндірісте болатын төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге дайындық деңгейін жоғарлату қажеттігін түсіне келе, Қазақстанның Қызыл жарты ай қоғамы 2011 жылдан бері халықты алғашқы жәрдем көрсетуді үйретіп келеді. Қоғамның алғашқы жәрдем көрсету бойынша оқыту бағдарламасын Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай Қоғамдары Федерациясының Ғаламдық Әдістемелік орталығымен аккредиттелген. Қоғам алғашқы жәрдем бойынша еуропалық сертификат (EFAC) беруге құқылы.
Қызыл Жарты ай қоғамының дайындықтан өткен жаттықтырушылары, нұсқаушылары және еріктілері мемлекеттік құрылым, корпоративтік сектор қызметкерлерін, орта мектеп оқушыларын, ЖОО және ОАОО студенттерін және «Жас қозғалыс инспекторлары» республикалық слетінің қатысушыларын алғашқы жәрдем көрсету машықтарына үйретеді. 2011 жылдан бері Қазақстанның Қызыл Жарты ай қоғамы елімізде 80 мыңнан астам адамды алғашқы жәрдем көрсетуге үйреткен.