Алматыда LE BEAUJOLAIS NOUVEAU 2022 фестивалі өтті


2c5b313e85b6c5e8980f61dbb659f42d.jpg

Қазақстандағы Францияның Бас консулдығының ұйымдастыруымен Алматыда LE BEAUJOLAIS NOUVEAU 2022 фестивалі өтті.


Францияның Алматыдағы бас консулы Фабрис Неве:

«Мен Қазақстандағы дипломатиялық қызметімде осы жылдың қыркүйек айында бастаған едім. Әлі көп уақыт өтпесе де маған бұл ел қатты ұнайды. Көпшіліктің көңілі мен жылы шырайына ризамын. Алматылықтар Францияның бұл мерекелік шарасын ерекше күтетінін білемін. Сол үшін дәстүр бойынша біз бұл фестивальді биыл да атап өтуді жөн көрдік. Дәстүр бойынша фестиваль 1951 жылдан бері жыл сайын қарашаның үшінші бейсенбісінде тойланады. Қазір ол әлемнің 200-ге жуық елінде өткізіледі. Биылғы фестиваль тіпті ерекше өтті, себебі, биыл біз Франция мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығын атап өтеміз»


a447ae181782da35797fe43620c6b676.jpg


Биылғы жылы мерекеге 700-ден астам қонақ қатысты.. Олардың арасында француз диаспорасының өкілдері, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық өкілдіктер, кәсіпкерлер, өнер қайраткерлері мен журналистер бар.


Мерекелік бағдарлама ерекше сиқырлы және жылы атмосфера туғызды. Қонақтар назарына Наполеон мен Джозефинаның махаббат хикаясына арналған  VIVAT шоу-балетінің қойылымы және қазақстандық виртуоз-пианист RATOVICH, , TALISMAN тобы мен әнші SISA қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.


Кеш барысында «Қайырымдылық» гуманитарлық жобаларын қолдау мақсатында қайырымдылық лотереясы өткізілді.


Авторы: Ғазиза Ұзақ

Фото: Талгат Галимов


Ұқсас тақырыптар