Жылдағы дәстүрмен биыл да "Түркі тілдес журналистер" қорының ұйымдастыруымен "халық банк" пен "шеврон" тб демеушілігімен Қазақстандағы жалғыз, қазақ тіліндегі "қаржы тақырыбы бойынша", "Еркін сөз" байқауы өз мәресіне жетті.
Бас жүлде аталымы бойынша үш жүлде, үздік сюжет, үздік мақала газет, үздік сайттағы мақала болды. Үздік сайттағы мақала бойынша алматылық әріптесіміз Мэлс Сейдахметов үздік танылса, тв сюжеттер бойынша Мерей Мұратқанқызы, үздік мақала бойынша Абай Қазыбекұлы қанжғалады.
Биылғы жылдың ерекшелігі екінші үшінші орын болған жоқ, есесіне ынталандырудың сыйлығы 6 журналистке табысталды.
Еске сала кетейік "Түркі тілдес журналистер қоры" дәл қаржылық тақырыптағы байқауды осымен сегізінші рет өткізіп отыр. Бас жүлде алған жеңімпаздар 500 мың теңгеден, ынталандыру аталымы бойынша әріптестер 100 мың теңгеден сыйақы алды.
Аида Қожмамбетова
Алматы қаласы