Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

antennye-ustrojstva-v-setyah-5g-menshe-po-razmeru_large.jpg


Мәжіліс депутаты Қанат Нұров өзінің Facebook желісіндегі жеке парақшасында 5G құрылысы мәселесін жылу электр станциялары, электр станциялары немесе сумен қамтамасыз ету сияқты маңызды әлеуметтік инфрақұрылыммен қатар қоюға болатынын жазды.

 

Оның айтуынша, мемлекет бақылауындағы таза кәсіби, мамандандырылған жергілікті компаниялар 5G технологиясын енгізуі керек. Мұндай маңызды телекоммуникациялық инфрақұрылымға меншік құқығын өздерін мемлекеттен жоғары қоятын шетелдік мүдделі тараптар мен басқа да жеке тұлғаларға беру мүмкін емес.

 

20210901_121545-1024x1024.jpg


Қанат Нұров өз жазбасында дәлел ретінде Риддер мен Екібастұздағы ЖЭО-да болған соңғы апаттарды мысалға келтіреді (орысшадан аударылған).

 

"Қарапайым халық жазықсыз зардап шегіп отыр. Кейбір жалған экономистердің пікірінше, жылу-энергетика саласын дамытуға тиіс күрделі инфрақұрылымды жекешелендірудің нәтижесі мемлекет экономика басқару жүйесіндегі қаржылық бақылау мен жеке жауапкершіліктің жоқтығы жағдайында мүлде басқа нәтиже көрсетті. Енді Президент ұсынысымен мұндай кәсіпорындарды мемлекет меншігіне қайтару мәселесі көтеріліп отыр»

 

Бұл ретте ол саланы дер кезінде ырықтандырудың арқасында телекоммуникациялар толық тозып кету проблемасынан құтылғанынын атап айтты. Осыған қарамастан депутат жекешелендірілген кәсіпорынның тиімсіз менеджменттің салдарынан шығынға ұшырағанын мысалға келтіреді.

 

«Магистральдік оператор саналатын «Транстелекомның» жекешелендіруден кейін шығыны 31,5 млрд теңгеге жетті, ағымдағы міндеттемелер жыл басынан бері екі еседен астам өсті. Алайда қаржылық пайданың жоқтығына қарамастан, басшылыққа кейбір kpi үшін бонустар төленіп келеді»

 

Депутат 5G жеке бизнеске үлкен серпін беретінін атап өтті. Осы технология негізінде жаңа өнімдер мен қызметтер пайда бола бастайды. Бірақ, оның пікірінше, 5G инфрақұрылымының өзі кез келген маңызды инфрақұрылым сияқты мемлекет бақылауында болуы керек.

 

"Бұл ретте айта кететін жайт мемлекеттік қатысуы бар ұялы байланыс операторлары оны енгізумен айналыса алмайды. Оларды толығымен алып тастауға тырысу ақылға қонымсыз, себебі тек мемлекеттік емес, кез-келген монополия қауіпті екен хақ. Бірақ егер табиғи немесе тігінен интеграцияланған монополия туралы айтатын болсақ, онда мемлекеттің болғаны әлдеқайда жақсы"



Ұқсас тақырыптар