«МАДАМ БАТТЕРФЛЯЙ» операсы жаңартылды

14.12.2022 Мадам Батерфляй PetroPhoto.pro 00008.jpg

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Дж.Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» 3 бөлімді операсы жаңартылған қойылыммен сахналанды.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера жəне балет театры "Мадам Баттерфляй" операсының жаңартылған қойылымына орай, баспасөз –конференциясын өткізді. Жиынға Абай ат. ҚазҰОБТ директоры Нұрбақыт Бөкебаев, қоюшы режиссёрі - Наталья Кагадий, қоюшы дирижер жəне Абай ат. ҚазҰОБТ бас дирижері Ерболат Ахмедьяров, қоюшы суретші (сценограф) Владимир Пономарёв қатысты.


jhvvhgv.jpg


- Жалпы таңғажайып Жапония мəдениетін көрсететін опералар көп емес. Сондықтан «Мадам Баттерфляй» қойылымын жаңарту барысында қандай да бір заман жаңашылдығына тым артық берілу дұрыс болмас еді. Біздің қолымызда дəстүрлі киімдері бар дəстүрлі қойылым болды. Ондағы ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, спектакльге жаңа көзқараспен қарауға тырыстық. Ол үшін Жапонияның «Кабуки» жəне «Но» дəстүрлі театрларының элементтерін қолдандық. Нақты айтқанда, киім үлгісін жасауда осы театрлардың тəжірибесіне сүйендік,– деді қоюшы режиссёр Наталья Кагадий.


«Мадам Баттерфляй» операсы – опера өнерінің өте əсерлі інжу-маржаны. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера жəне балет театрының сахнасында жаңа сценографиясы мен костюмдері, бірегей интерпретациясы үйлесім тапқан қойылымның жаңа нұсқасының тұсаукесері өтіп, театр репертуарында қайта жаңғырды.Кейіпкерлердің бейнесін тереңнен ашатын итальяндық композитор Пуччинидың кемеңгер музыкасы – спектакльдің басты ерекшелігі болды.


Операның сюжеті – таңғажайыпқа толы елдердің бірі, мəдениеті мен дəстүрі арқылы ерекшеленетін Жапонияда өтеді. Алғаш рет, аталмыш спектакльдің тұсаукесері 1972 жылы ұсынылған еді. Араға 50 жыл салып, сценографиясы мен декорациясы түбегейлі жаңартылып көрермендер назарына ұсынылды.


Басты партияларды Абай ат. Қазақ ұлттық опера жəне балет театрының жетекші солистері орындады:

Чио-Чио-сан – Е. Смольянина

Сузуки – Д. Хамзина

Пинкертон – Б. Канагатов

Шарплес – Э. Сакавов

Горо – Д. Жолдыбаев

Комиссар – Е. Шагаров

Кэт – М. Ерланова

Бонза – А. Малышов

Ямадори – М. Саматов

Долоре - Денис Васильцов


Дереккөз: баспасөз орталығы

Фото: Елена Петрова


Ұқсас тақырыптар