Glovo қызметкерлері Екібастұздағы отбасыларға азық-түлік пен жылыту құралдарын әкеліп берді.
Glovo жылусыз қалған және жылыту жүйесі жөнделгеннен кейін үйлерін қалпына келтіріп жатқан Екібастұз қаласының тұрғындарына қолдау көрсетті. Компания қызметкерлері қаланың VITA деп аталатын еріктілерімен бірге азық-түліктер мен жылыту құрал-жабдықтарын таратып берді.
«Біз қала тұрғындарына үй-үйіне барып көмектесуді жөн көріп, жергілікті еріктілермен хабарластық (бұл қалада Glovo сервисі әлі қосылмаған). Жылыту жүйелеріндегі апаттың салдарынан Екібастұздың көп тұрғыны жұмыссыз отырып қалды, оларға азық-түлікпен көмектесу қажет болды. Сонымен бірге мүгедектер, көпбалалы отбасылар, қарт адамдар көмекке зәру болды. Кез келген нәрсені жеткізу – Glovo қағидасы, сол себепті біз Екібастұз тұрғындарына жылыту құралдарын, көрпелер мен азық-түлік жеткізіп беруді шештік» - деді Қазақстандағы Glovo бас менеджері Богуспаев Карим.
Мұндай қайырымдылық шаралары Glovo үшін қалыпты жағдайға айналған және компания үшін Glovo Access ғаламдық бағдарламасы және әлеуметтік жауапкершілік аясындағы артықшылықты бағыттардың бірі болып табылады. Glovo Cares тұрақты жобасы - осындай бастамалардың бірі.
Компанияның қызметкерлері ай сайын курьер ретінде жұмысқа шығып, сервистің жұмысын ішінен бақылайды және оны жетілдіруге көмектеседі, ал осындай тапсырыстардан түскен төлем сомалары қайырымдылыққа жұмсалады.