Қазақстандық операторлар 5G желісін құрады

5G-India.jpg

Kcell және Tele2 700 мыңнан астам 5G базалық станцияларын орнатуды көздеп отыр.


2022 жылдың 22–23 желтоқсанында елімізде 5G технологиясын дамыту үшін радиожиіліктерге арналған аукцион өтті.

Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин алғаш рет 5G үшін радиожиіліктерге арналған ашық аукцион Қазақстанның телекоммуникация саласындағы тарихи оқиға екенін алға тартты. 


22 желтоқсанда 3600-3700 МГц диапазонында 62 669 775 350 теңгеге (бұл реттеуші жариялаған аукционның бастапқы бағасынан 36 есеге жуық артық) және 23 желтоқсанда екінші 3700-3800 МГц диапазонында құны 93 399 650 238 теңге екі лот сатылды. Тартысты аукционда екі лот бойынша да жеңімпаз "Мобайл Телеком Сервис" ЖШС мен "Кселл" АҚ консорциумы болды. Жиіліктердің жалпы құны 156 млрд теңгеден астам соманы құрады.


“Біз үшін бұл компанияның стратегиялық дамуындағы маңызды кезең. Компания әрқашан Қазақстанды цифрландырудың бір бөлігі болуға ұмтылады. Жиіліктерге арналған лицензияларды алу арқылы өздігінен жүретін көліктер, VR, мобильді қосымшалар үшін трафикке басымдық беру мүмкіндігі сияқты мақсаттар айқынырақ болмақ. Сонымен қатар, осы процеске қатысу мүмкіндігі қоғамның инвестициялық тартымдылығын айтарлықтай арттырып, акционерлерге оң әсер етеді. Біз өзімізге жүктелген міндеттемелердің толық жауапкершілігін түсінеміз. Себебі бұл тек саланың ғана емес, жалпы еліміздің дамуымен байланысты. Жиіліктерді бөлудің аукциондық тәсілі өте тиімді. Оның жоғары деңгейде ұйымдастырылып, шарттары мұқият ойластырылғанын атап өткім келеді",- деді "Кселл" АҚ бас директоры Асхат Өзбеков.


Байқау шарттарының ең маңызды бөлігі төлем емес, жиіліктерге бекітілген міндеттемелер болды. Сондықтан екі диапазондағы аукцион жеңімпаздары біртіндеп жалпы саны 7000-нан астам базалық станцияны іске қосуы керек.


"Біз үшін 5G жобасын енгізу үлкен инвестиция мен техникалық мамандардың қажырлы еңбегі болмақ. Сонымен қатар радиофобия туралы мифтермен күресуде біздің тәрбиелік рөліміз маңызды екенін ұмытпауымыз керек. Себебі базалық станцияларды орнату үшін тұрғындардың келісімі қажет. Мұндай ауқымды жобаны қазір  телекоммуникациялық технологиялар саласындағы өте үлкен, жоғары сарапшылар ғана жүзеге асыра алады. Аукционға бара отырып, егер республикада шынымен де жоғары, сапалы 5G желісі дамыса, бұл елдің ұялы байланысының бастауында тұрған операторлардың мықтылығынан болатынын түсіндік",- деді "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС бас директоры Сергей Конков.


Елдегі ұялы байланыс нарығының тағы бір маңызды факторы операторлардың жұмыс істеуі үшін қолжетімді жиіліктердің тапшылығында. Бүгінде мемлекет ұсынған барлық спектр бос емес.


"Әр диапазон операторлардың есебінде. Сондықтан аукцион тартысқа толы болды. Жиіліктер үшін жоғары бәсекелестік орын алатынын болжадық. Осы ретте біз бизнес-кейстерді әзірлеп, жобаның экономикасын қарастырып, белсенді түрде дайындалдық,. Ұялы байланыс операторы радиожиіліксіз жұмыс істей алмайды. Бұл оның кез келген жеріндегі технологиясының негізі”,- деп қосты Асхат Өзбеков.


Екі оператор да бірнеше жылдан бері 5G технологиясын тәжірибеден белсенді өткізіп келеді.


Tele2/Altel 2021 жылдың күзінде Алматыда алғашқы 5G сынақ аймақтарын іске қосты. Олар Панфилов атындағы көшеде, Медеу мұз айдынында және Шымбұлақ тау шаңғысы курортында пайда болды. Тәжірибеде сайттардағы деректерді беру жылдамдығы секундына 1,2 гигабитті құрады. Сонымен қатар, бір жылдан астам уақыт бойы оператор абоненттері 5G технологиясында шексіз интернетті тегін пайдалана алды. Оператор үздік инновациялық тәжірибелер мен технологияларды енгізуді жалғастыруда. Ал Altel техникалық зертханаларында VoNR технологиясында 5G желілеріндегі мақсатты дауыстық, бейне байланыс болып табылатын бірінші сынақ қоңырауы жасалды. VoNR пайдаланушыны жақсырақ тәжірибелерімен қамтамасыз етеді. Мұнда абоненттер жоғары жылдамдықты жүктеп алу қызметімен қоса қоңырау шалу кезінде жоғары жылдамдықты 5G интернетке қосылу мүмкіндігіне ие болады

2021 жылдың желтоқсан айында Kcell Түркістан қаласында жаңа буынның 5G желісін іске қосты. Қаланың стратегиялық маңызды және туристік нысандары: қала әкімшілігінде, Конгресс-холлда, "Түркістан Арена" стадионында, автовокзалда, Фараб орталық кітапханасында, Жастар сарайында және т.б жерлерде 8 сыртқы станция орнатылды. Бұл елдегі бүкіл қала аумағын қамтитын жаңа буын желісінің алғаш рет іске қосылуы. Тәжірибе  барысында деректерді тарату жылдамдығы секундына 1,4 гигабайтқа жетті. Кез келген Kcell/activ абоненті 5G қолдауы бар смартфонда желіге қосыла алады. Бұл ретте желіге түсетін абоненттік трафикке ақы алынбайды.


Ұқсас тақырыптар