Ғабит Сатмағамбетовтың қоры 2016 жылдан бері қазақстандықтарға көмектесіп келеді
Отандық кәсіпкер және филантроп Ғабит Сатмағамбетов өткен жылдың көктемінде сегізінші қабаттан құлап кете жаздаған үш жасар қызды құтқарған Сәбит Шотқанбаевтың отбасына барды. Қазақстандық батырдың ерлігі қоғамда резонанс тудырған соң Ғабит Сатмағамбетов пен оның жеке қоры батырға елордада су жаңа пәтер сыйлады. Сәбит Шотқанбаев отбасын астанаға көшіріп, қоныс тойын жасап үлгерді.
Бұл Ғабит Сатмағамбетов қайырымдылық қорының қазақстандықтарға жасаған көмегінің бір ғана мысалы. Қор 2022 жылдың өзінде 31 пәтер, 15 паркинг-орын, 12 көлік сыйлаған. Бизнесмен 7 жыл бойы мұқтаж жандарға көмектесіп келеді. Бұл материалда қордың жұмысы және құрылыс саласында еңбек ететін бизнесменнің қайырымдылыққа бет бұрғаны туралы баяндаймыз.
Қайырымдылық және Қазақстан
Қайырымдылық немесе қайтарымсыз негізде көмек көрсету немесе адамдар мен жануарларға қаржылай қолдау көрсету Қазақстанда дамып келеді. Қазіргі кезде елімізде халықтың іл-ауқатын көтеруге бағытталған ел ауқымындағы ірі қорлардан бастап, науқас балаларға жылу жинау немесе жеке әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін арнайы қорларға дейін жүздеген қор жұмыс істейді.
Соңғы екі жылда Қазақстанда түрлі қайырымдылық қорлардың саны 20 пайызға өсіп, мың бірлікті құрады. Бұл туралы 2022 жылдың қыркүйегінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады. Еліміздегі қайырымдылық қозғалыстың дамуы туралы шетелдік басылымдар да атап өтуде. 2022 жылғы The World Giving Index қайырымдылық индексіне сәйкес, Қазақстан қайырымдылық бойынша рейтингте зерттелетін 119 ел арасында 54-ші орыннан 40-шы орынға шығып, 14 жолға көтерілді.
Кәсіпкер қоры, G-Park құрылыс компаниялары тобының бас директоры Ғабит Сатмағамбетовтың нақты мысалында республикада қайырымдылық ұйымдарының қалай жұмыс істейтінін зерделейік. Ол 2016 жылы өзінің жеке қорын құрды және осы уақыт ішінде жүздеген қазақстандықтың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесті.
Осындай көмектің бір мысалы – қор балалар сал ауруына шалдыққан Ильнар Айтняковке пәтер берді. Қиын диагнозға қарамастан Ильнар Павлодар мемлекеттік университетін үздік аяқтап, егіз бауырымен бірлесіп, компьютер және басқа техниканы жөндеу сервис орталығын ашты. Ғабит Сатмағамбетовтың қоры Ильнар және оның жұбайына жалдамалы үйде тұрмау үшін пәтер сыйлады. Осылайша Ильнар отбасы мен кәсібіне көбірек көңіл бөлеуге мүмкіндік алды. Мұндай ондаған, жүздеген мысал бар.
2022 жылы осы қайырымдылық қорының бюджеті 2 млрд теңгеден асты, оның ішінде меценаттың жеке жарнасы – 2,037 млрд теңге. Тағы 13 млн теңге қорға бей-жай қарамайтын азаматтардан түсті.
Қор мамандары өткен жылы 7 мыңнан астам мұқтаж адам қолдау сұрағанын айтты. Өтініштерді қарастыра отырып, олар шынымен мұқтаж адамдарға көмектесті. Атап айтқанда, көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасылар, балалардың спорттық және білім беру ұйымдары.
Жоғарыда айтылғандай, өткен жылдың өзінде мұқтаж жандарға 31 пәтер, сегіз қосалқы орынжай, 15 автотұрақ орны, сонымен қатар 12 көлік сыйға берілді. Тағы 18 қазақстандық теңізге демалысқа жолдама алды.
Ғабит Сатмағамбетов қоры әлеуметтік жобаларды да белсенді қолдайды. Мысалы, өткен жылы республикалық іс – шараларға демеушілік жасауға 10 млн теңге, спортты дамытуға тағы 65 млн теңге, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтарға материалдық көмекке – 25 млн теңге және қайырымдылық акцияларына – 12 млн теңге бөлінді.
«Қайырымдылық қашанда өмірімнің маңызды бөлігі болды және солай қала береді. Бұл дүниеде көпшілікке көмек пен қолдау қажет», – дейді филантроп Сатмағамбетов.
Қайырымдылық өмір бөлшегі сияқты
Өз сұхбатында кәсіпкер балалармен жұмысты жеке атап өтті. Кәсіпкер ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялап, балаларға және олардың қолдауына ерекше назар аудару қажеттігін мәлімдегенін еске салды.
«Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз»,–деді Мемлекет басшысы 2022 жылдың басталуына орай жаңа жылдық үндеуінде.
Ғабит Сатмағамбетов қоры балаларға қолдау көрсетіледі, 2022 жылы бұл мақсатқа 50 млн теңге бөлінді.
Мысалы, қор 150 ерекше баланың қатысуымен «Қазіргі қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау перспективалары» халықаралық фестивалін ұйымдастыруда демеушілік көмек көрсетті. Іс-шараға ғылым өкілдері, ҮЕҰ және жеке қорлар басшылары, Өзбекстан, Грузия, Қырғызстан және Ресейден мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты.
Сонымен қатар «Орда» Астана қаласының аутизмі бар балалар ата-аналарының бірлестігі» қоғамдық бірлестігі және «Бақытты шаңырақ» мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау мен көмек көрсетуді тұрақты дамытудың қайырымдылық қоры» қоғамдық қорына көмек жіберілді.
Қор Астанада аутизм спектрі бұзылған балаларды дамыту орталығында, сондай-ақ 250 ерекше балаға арналған білім беру орталығында құрылыс материалдарын сатып алуға және жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлді.
Сонымен қатар, Қор «сөйлеуді қалпына келтіру орталығында» мүмкіндігі шектеулі баланы оңалтудың толық курсының, пәтерді абаттандыру үшін құрылыс материалдары мен тұрмыстық техниканы, мұқтаж жандарға арналған балалар жиһазы мен тазалау жабдықтарын сатып алу шығындарын өз міндетіне алды.
Сондай-ақ, «Жас жауынгер» дене шынықтыру-сауықтыру клубына тұрақты негізде қолдау көрсетіледі. Мысалы, 2022 жылы ерекше балалардың қатысуымен клубтың төрт жылдығына арналған спорт фестивалі, Бурабайда «Құрбан айт» мерекесі, сондай-ақ сыйлықтары бар жаңа жылдық шыршаны өткізуге қаржы бөлінді.
«Мен әр қазақстандық жақсы өмір сүруге лайықты деген сенімдемін», – дейді Ғабит Сатмағамбетов.
Бизнесмен осы қайырымдылық жолды жалғастыруға ниетті. Оның пікірінше, адамдарға көмек көрсету ауа жұтқанмен тең. Сұхбаттасушы көмек көрсетуге кез келген адам қатыса алатынын, қор мүмкіндігінше ашық және мұқтаждардың өмірін жақсартуға дайын екенін айтты.