2022 жылдың желтоқсан айында Qazaq Oil Ұлттық жанармай құю станциялары желісі дәстүрге айналған жаңа жылдық науқанын ұйымдастырды. Бұл шара екінші мәрте өткізілді. Қазақстандықтар “Vlife” мобильді қосымшасында «Qazaq Oil армандарды орындайды» айдарында өздерінің арман-тілектерімен бөлісті.
Бас-аяғы төрт мың өтініштің ішінен тоғыз адамның хаты таңдалып, олардың армандары орындалды.
SARMAT балалар орталығының меңгерушісі Асхат балалардың музыка дәрісі үшін электронды фортепиано керек екенін жазған еді
Шала туған сәбилерге арналған жылы киімдерді тоқып жүрген «28 ілмек» клубының волонтеры Ғазиза таза жүн жіптерін сыйлауды сұрады
Руфина мен Диана керекті тиражда авторлық кітаптарды жарыққа шығара алады
Диана ұлымен бірге «Дамирканың хикаялары» балалар кітабын жазды, Руфина Қазақстанның табиғаты мен мәдениеті туралы иллюстрацияларға негізделген балаларға арналған кітаптың авторы
Сондай-ақ, спортпен шұғылданатын бес балаға спорттық құрал-жабдықтар беріледі
Qazaq Oil бас директоры Тулемис Шотанов:
«Жаңа жыл - ғажайыптар мен сиқырларға толы уақыт! Qazaq Oil Ұлттық жанармай құю станциялары желісінің негізгі миссиясы – әрбір қазақстандықтың өмірін жақсарту. Біз бұл шараны былтыр бастап, дәстүрге айналдырдық.
Былтырғы жылдай бізге арман-тілектер жазылған көп хат түсті. Біз әр хатты оқып шықтық. Qazaq Oil армандарды жүзеге асыру үшін бірнеше хатты таңдадық. Әлбетте, бізге келіп түскен әрбір хат авторларының тілегін орындағымыз келеді. Бірақ, өкінішке орай, бұл мүмкін емес, сондықтан біз белгілі бір шарттарға сүйендік.
Біз үшін арманның материалды тұрғыда болмағаны жөн. Біз отбасы, спорт, өнер, дәстүр мен мәдениет секілді игі құндылықтарға сәйкес келетін шынайы оқиғаларға назар аудардық.
Біз бұл армандарды орындап, әрбір қазақстандықтың жүрегіне ғажайыпқа сенім орната алдық деп сенемін!»
Ғазиза Ұзақ, Алматы қаласындағы «28 ілмек» клубының координаторы
«Біз таза жүннен жылы киімдерді тоқып, оларды шала туылған сәбилерге тегін береміз. Мен клуб атынан хат жазған едім. Кішкентай балаларға арналған киімдерді тоқу үшін мүмкіндігінше көбірек таза жүн жіптерін сыйға алсақ деген тілегіміз болды. Qazaq Oil желісі біздің арманымызды орындап, 140 дана жіп сатып алдық. Көп рақмет!»
Жамансариев Асхат, балалар шығармашылық орталығының жетекшісі
«Менің балаларға арналған шығармашылық мектебін ашу арманым еді. 7 жыл ішінде арманымның орындалуы үшін еңбек еттім. Биыл ол арманым жүзеге асты. Біз балала үшін өнер орталығын аштық, алайда қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу әрдайым мүмкін емес. Qazaq Oil компаниясына хат жазып, орталыққа электронды пианино сұраған едім. Олар маған телефон соғып, тілегім орындалады деген кезде мен бірден сенбедім. Бұл арманның біз үшін қаншалықты маңызды екенін білсеңіздер ғой. Шексіз алғысымды білдіремін!»
Адельева Руфина, «Біз Қазақстанда тұрамыз» кітабының авторы
«Қазақстан балалары өздері тұратын елдің салт-дәстүрі мен мәдениеті туралы ойын ойнау арқылы көбірек білуі үшін өзімнің жеке кітабымды шығару басты арманым болды. Акция туралы әлеуметтік желіден біліп, хат жазуды жөн көрдім. Qazaq Oil компаниясының арқасында менің арманым орындалады, бұл шынымен де керемет. Qazaq Oil компаниясына рахмет!»
Атанбаев Дамир және Батищева Диана, «Дамирканың хикаялары» кітабының авторлары
«Бұл шара туралы кездейсоқ, әлеуметтік желіден білдім. Мен еш ойланбастан хат жаздым. Арманымның орындалуы мүмкін екеніне сендім! Қол жетпес болып көрінген арманыңыздың ертең орындалатынын түсіну керемет екен. Бұл ғажап сезім! Qazaq Oil компаниясына армандарды жүзеге асырғаны үшін көп рахмет! Бұл тамаша сәт біздің өміріміздің бір бөлігіне айналды!»
Жақында Қазақстанның әр қаласынан тілектерін хат жазған бес балаға спортқа қажетті заттар жеткізіледі.
Кирилл небәрі 10 жаста, барлық балалар сияқты ол тез өседі. Надира Qazaq Oil компаниясына хат жазып, жаңа коньки сұрады. Атырау қаласының кішкентай тұрғыны Ибрагим баскетбол ойнауға арналған жаңа аяқ киім, Сұңқар мен Арман футбол ойнау үшін жаңа бутсы, Қарағанды тұрғыны Кевин американдық футболға арналған аяқ киім жеткізіледі.
Qazaq Oil жас спортшыларға үлкен үміт артып, олардың есімдерінің болашақта әлемге танылып, биік белестерді бағындыратынына кәміл сенеді.