Мемлекет басшысына елдегі темір кенін өндіретін алпауыт кәсіпорынның алдағы перспективалары танысты

визит Президента РК.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ERG құрамындағы «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-на қоғамына барды. Соколов карьерінің бортында мемлекет басшысына кәсіпорынның өндірістік жетістіктері мен инвестициялық жоспарлары таныстырылды. Бүгінде моноқаланы жылумен қамдап отырған жылу электр орталығының тұрақты жұмысына жете назар аударылды.


2022 жылы бұрынан келе жатқан ірі ресейлік тұқтынушыға санкциялар салынғандықтан ERG оған ССКӨБ өнімдерін жөнелтуді тоқтатты. Салдарынан дайын өнім шығару көлемін 14,6 млн тоннадан 9,4 млн тоннаға дейін азайтуға мәжбүр. Алайда, кәсіпорын бұл түйткілден шығу жолдарын іздеп Қытайдағы тұрақты тұтынушысына жолданатын өнім көлемін 3 млн тоннаға дейін ұлғайтқан (бұрын онда 1,5 млн


тонна жөнелтілетін). ERG басшылығы ССКӨБ өнімдерінің экспортын қайта бағдарлап, соның ішінде Еуропаға жөнелту қамында геосаяси ахуалдан туындаған бірақатар көлік, тасымал түйткілдерін шешуге күш салып жатыр. Еуропа нарығына шығу үшін 2022 жылдың қыркүйек айында құрамындағы темір үлесі 65% шекемтастардың сынақ партиясы өндірілген. Негізгі өнімнің сипаттамаларын құзырлы зертханалар растап, халықаралық сертификат алды.


техника Соколовского карьера.jpg


Қалыптасқан күрделі ахуал, өндіріс көлемнің төмендеуі, шикізат пен жабдық жеткізілімдерінің кешеуілдеуіне қарамастан ССКӨБ жұмыс орындарын сақтап қалды. Инвестициялық жобаларды іске асырып, Рудный қаласы мен Қашар кентін дамытуға барынша үлес қосып жатыр. 2022 жылғы кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы – 67,2 млрд теңге межесінде болса, биыл кәсіпорын 60,6 млрд инвестиция құюды көздеп отыр. Мемлекет басшысына қазіргі экономикалық ахуалға сәйкестендірілген ыстық бикеттелген темір өндіретін зауыттың құрылысын салу жобасы таныстырылды.


ERG-дің ең басты құныдылығы – адамдар. Компания мойнына алған әлеуметтік міндеттемелерін толық атқарып, еуразиялықтардың еңбек шарттары лайықты әлі еңбекақылары тиісті деңгейде болуына күш салып келеді. 2023 жылдың 1 қаңтарында ERG кәсіпорындарының, соның ішінде ССКӨБ пен Қашар кеніндегі өндірістік персоналдың еңбекақысы 15% өсті.


Еңбекақы төлеу қорын ұлғайтуға компания қосымша 60 млрд теңге бағыттаған. Мемлекет басшысы Соколовский карьері мен жылу электр орталығындағы қайта құру жұмыстарының барысымен танысты.



Ұқсас тақырыптар