Опера дивасы Зарина Алтынбаева «Русалканың ариясына» бейнебаян түсірді

рпоонее.jpg


Театрдың жетекші опера солисі Зарина Алтынбаева А. Дворжактың "Русалка" операсынан Русалка ариясына түсірілген жаңа бейнебаянын ұсынды. Дирижері Эндрю Скит, Royal Philharmonic Orchestra-мен бірігіп жазылған ария бейнебаянының режиссері - Ғалым Асылов, бас операторы -Юрий Левандовский.


«Бүгінгі таңда бәрімізге сиқырлы, әдемі, таңғажайып әлем жетіспейді. Сондықтан мен ертегі желісіне сүйеніп, Дворжактың "Русалка" операсынан классикалық музыканың әлемдік шедеврін қайта жаңғыртуды шештім» - деп бөлісті Зарина Алтынбаева.


Көрнекті Чех композиторы Антонин Дворжактың «Русалка» операсы тақырыбындағы музыкалық фильмнің тұсау кесеріне орай шығармашылық кездесу ұйымдастырылды.


«Музыкалық фильмнің негізгі тұжырымдамасы «Русалка» жайлы оқиғаны шығармашылық тұрғыдан талқылау болды, оны біз мүлдем басқа қырынан көрсеттік», - дейді қоюшы – режиссер Ғалым Асылов. 


Андерсонның «Русалка» ертегісі қайғы-қасірет пен өлімнің алдында шегінбейтін барлық жеңіске жеткен махаббат туралы терең әсерлі оқиға. Дворжак романтизм дәуірінің ең жарқын өкілі ретінде бірден поэтикалық сюжетке қызығушылық танытты.

Композитордың өзі туындысының музыкасын жұмбақ түн ортасындағы орманды, фантастикалық көлді бейнелейтін лирикалық ертегі деп атады. Су перісі өзінің әйел нәзіктігі мен шынайылығына толы арияны «Менің айым, алыс аспанда» әнін шырқайды» - біз фильмде мистика әлемінің атмосферасы мен шексіз бақытты күтуді қайта жасауға тырысты



Ұқсас тақырыптар