Ресей: Қазақстанның ішкі саясатына араласпаймыз

Ресейдің Сіртқы Істер министрі Сергей Лавров журналистердің бірқатар сұрағына жауап берді. Ол 2022 жылғы Ресей дипломатиясының қорытындысын жасаған.

 

Арнайы пресс-конференцияда Лавровқа түрлі сұрақтар қойылды. Оның ішінде Қазақстанға қатысты да сауалдар жетерлік. "Қарсыласымыздың түрлі амал-айласына қарамастан біздің Қазақстанмен қатынасымыз жақсы, одақтастық бағытта дамып келеміз. Екіжақты ұзақмерзімді жоспарларымызды іске асырудамыз, өзін «өркениетті батыс әлемі» санайтын елдерге қарағанда біз БҰҰ Жарғысына сай, өзге елдің ішкі саясатына араласпаймыз", –дейді Лавров.

 

Ресей СІМ хабарлауынша, Қазақстан билігі екі ел арасындағы жағдайды ушықтыруы мүмкін саясатты ұстанбайды.




Ұқсас тақырыптар