Bloomberg: Қазақстан Ресейден алшақтап барады

Ресейдің Украинаға соғыс ашуы Мәскеудің өзге аймақта ықпалының азаюына әкелді. Bloomberg басылымы бұр тұрғыдан өзінің көлемді мақаласын жазып, «Ресей Кавказ бен Орталық Азияда ықпалын жоғалтуда» деп сипаттады.

245154995_0_0_3009_1506_1920x0_80_0_0_fc6a02e8e66820ca6fd62949b4d522a7.jpg

 

Ресейдің бұрынғы және қазіргі шенеуніктері басылымға есімдерін құпия сақтау талабын қоя отырып, Кремльдің ықпалы аталмыш аймақтарда азайып бара жатқанын, «ресми Мәскеу бұл жайтқа алаңдаушылықпен қарайтынын» айтқан.

 

Саясаттанушы Екатерина Шульман болса басылымға өз пікірін білдіріп, «Ресейдің аталмыш аймақта ондаған жылдар бойы сөзі шешуші болып келгенін» айтады. Ол Ресей соғыстан кейін қуатты болып шықпайтынын, соған байланысты жағдай өзгеріп жатқанын жасырмады.

 

Кремльдің ашық соғыс ашуынан кейін Молдова мен Украина ЕО-ға кіруге өтініш беріп, кандидат статусына ие болды. Ал одақтастарының ішінде Қазақстан мен Армения Ресейден бойын алшақ ұстауға тырысуда. Ресейден бөлек бұл елдер өзге мемлекеттермен қарым-қатынасын арттыру үстінде. Соғыс басталған сәтте Қазақстан басшылығы Ресей агрессиясына қарсы пікір айтып, мобилизациядан қашқандарды еліне кіргізді. Ал Мәскеу жауап ретінде бірнеше мәрте қазақ мұнайын тасымалдайтын құбырды жауып тастады. Жауап ретінде Астана мұнайды тасымалдаудың өзге жолын іздеп, Түркиямен қатынасын күшейтті.

 

Армения болса Ресейдің Қарабақтағы дағдарысты реттей алмағанына қарсылық білдіріп, ҰҚШҰ жаттығуына қатысудан бас тартты. Ол «ресейлік бітімгерлер Қарабақтағы мәселені шеше алмайды» деп есептеп, Еуропа елдерінен бітімгерлік миссиясын орындау тобын шақыруда.



Ұқсас тақырыптар