Қазақстанның шешіміне Ресей наразы

Қазақстан Ресейге салынған санкцияларды айналып өту жолдарын жабуда. Ақпан айынан бастап Ресей нөмірлері бар жүк көліктері Еуроодақ аумағына кіре алмайды. Осы уақытқа дейін тасымалдаушылар Ресейге қарсы қойылған шектеулерді айналып өту үшін айла-амалдарға баруға мәжбүр болды. Соның бірі Қазақстанда жаңа компанияны тіркеп, жүк көліктеріне республикалық нөмірлер алып, одан кейін Еуропаға шығуға рұқсат алу болатын. Көп тасымалдаушы осы жолға түсті. Алайда Қазақстан бұл жолды жабуы мүмкін.  

 

mok-sankcii-v-otnoshenii-rossijskih-chinovnikov-ne-podlezhat-obsuzhdeniyu_16751931931360748355.jpg


20 ақпанда Қазақстанда Республикалық автотасымалдаушылар мен экспедиторлар одағының жаңа ережелері күшіне енеді. Бұл жаңадан келген компанияларды елде тіркелу мүмкіндігінен айыруды білдіреді.

 

Жалпы, соңғы бір жылда Ресей мен Беларусь елдерінен қайта тіркеуден өткен жүк көліктерінің саны бес мыңға жеткен. Бұл оларға Қазақстанның квоталарын пайдалана отырып, ЕО-ға кіруге мүмкіндік берді. Алайда мұнымен қатар жергілікті тасымалдаушылар қатты зардап шекті. Ресей және Беларусь компаниялары бүкіл нарықтың шамамен 70% иеленді.

 

Тіркелген компанияларға қатысты қандай да бір шара қолдану жағы әзірге белгісіз. Одақ өкілдерінің айтуынша, Қазақстан билігі олармен не істеу керектігін әлі ойластыруда. Бұған дейін Қазақстан шетелдіктер үшін елде ұазққа қалу мүмкіндігін беретін визалық режимді қиындатқан болатын. Ресей жүк тасымалдаушылары бұл шешімге өз наразылықтарын білдіруде.



Ұқсас тақырыптар