"Қар ханшайымы" сахнаға шықты

рарар.jpg

Мемлекеттік академиялық би театры Алматы тұрғындары мен қонақтарына дат жазушысы Ганстың аттас ертегісінің желісі бойынша әсерлі қойылым «Қар ханшайымы» балет спектаклінің ұсынады. Баршаға бала кезден белгілі Ганс Кристиан Андерсен ертегісі М.Тілеубаев сахналаған А.Глазунов, Ч.Куй, М.Мусоргскийдің музыкаға би тілімен баяндалған әңгімесін Болат Аюхановтың атақты шәкірттері сахнаға шығарды.

Ганс Кристиан Андерсеннің әңгімесі бойынша сахналанған спектакль либреттосын М.Тілеубаев жазған, ал балеттің музыкалық безендіруінде бір дәуір, бір идея біріктіретін атақты композиторлардың музыкасы қамтылған және барлық музыкалық материал тұтастық ретінде қабылданады. 


уеукекуе.jpg



«Либреттоны мен Ганс Кристиан Андерсеннің аттас ертегісі бойынша жаздым. Сахналық шешім классикалық балеттердің канондарына құрылған хореографиялық тілдің қарапайымдылығында жатыр. Бұл кішкентай көрермен бәрін түсінуі үшін әдейі жасалады. Балет балаларға арналған, бірақ ересектер де бұл балеттен көптеген қызықты нәрселерді табады. Костюмдерді керемет суретші Инна Суги жасаған. Біз бұған дейін онымен бірге үлкен табысқа жетіп, көрерменнің жүрегінен орын тауып, сыншылардың жоғары бағасына ие болған «Орта» балетінде жұмыс жасадық», – дейді қойылым режиссері Майлен Тілеубаев.

Балет қойылымы Герданың шытырман оқиғалары, Қар ханшайымының қулықтары туралы ғана емес, сонымен бірге оның жолындағы барлық кедергілерді жеңетін достықтың ұлы күші туралы да баяндайды. Ұлы романтик Андерсеннің ертегісіндегідей суыққа, қатыгездікке, билікке құмарлыққа төтеп бере алатын үй мен адам жылуы балеттегі басты тақырыпқа айналды. Көрермендер өздерінің сүйікті ертегілеріне еніп, олар Дания қаласының қар басқан көшесіне барады. Қойылымдағы әсерлі сахналық әсерлер көрерменді сиқыр мен ғажайыптардың жұмбақ әлеміне баурап алады. «Қар ханшайымы» балеті увертюраның алғашқы дыбыстарынан-ақ өзінің ерекше сұлулығымен және нәзіктігімен таң қалдырады. Бейнепроекция мен костюмдер, хореографиялық стиль мен музыканың жетілдірілуі таңғаларлық әрекетті нағыз сиқырға айналдырады. Ертегідегідей, балетте де негізгі ой жеткізіледі - шынайы достық пен махаббат ешбір кедергіні білмейді және өз жолындағы барлық қиындықтарды жеңеді! Жарқын және тамаша «Қар ханшайымы» балетінде балалар таңданатын, ал ересектер ойланатын дүние табылады!



Ұқсас тақырыптар