Махамбет Әбжан 9 жылға сотталды

3 ақпанда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты журналист Махамбет Әбжанды "жалған ақпарат тарату" және "бопсалау" айыбымен кінәлі деп тауып, тоғыз жылға соттады.


abzhan.png


Бір күн бұрын прокурор сотта журналистке 11 жыл жазасын ерекше режимдегі колонияда өтеуді сұраған болатын. Іс бойынша сот 6 қаңтарда басталды. Іс судья Айжан Құлбаеваның төрағалығымен қаралды.


Махамбет Әбжан 5 шілдеден бері тергеу изоляторында қамауда отыр. Журналист 3 шілдеде ұсталған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан мәлімдемеде Әбжанның жергілікті кәсіпкерден компромат жариялаудан бас тартқаны үшін 50 миллион теңгені қолма-қол алу кезінде қолға түскені айтылған. Махамбет Әбжан адвокат арқылы тағылған айыпты жоққа шығарды.



Ұқсас тақырыптар