10 есе көп: Қазақстан Ресейден сырт айналуда

2022 жылы 24-ақпанда Ресей Украинаға басып кірді.  Соғыс әлемдік геосаясатқа, экономика мен сауда қатынастарына кері әсерін тигізуде. Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан сауда жолдарының жұмысында кедергілер пайда болды. Агрессор аумағын көптеген елдер айналып өтуге тырысуда, ал Ресей өз аумағы арқылы өтетін сауда жолдарын саяси бопса мақсатында пайдалануға тырысып жатыр.

 

Batumi_Port.jpg


Ресейдің саяси бопсасы Қазақстанға да бағытталды. Қазақстан солтүстік көршіміздің аумағы арқылы мұнайдың 80 пайызын тасымалдап, Еуропаға сатады. Алайда Ресей 2022 жылы КТК мұнай құбырының жұмысын бір емес төрт мәрте тоқтатты. "Табиғи апат салдары, екінші дүниежүзілік соғыстағы теңіз минасы құбыр маңынан табылды, мұнай қалдықтары қоршаған ортаны ластауда" деген сан түрлі сылтау айтып, мұнай тасымалдауға кедергі жасады. Бұл Астанаға Мәскеудің жасаған қысымы болатын.

 

Қазақстан Ресейдің саяси бопсасының әсерін азайту мақсатында мұнай тасымалдау жолдарын әртараптандыру жұмыстарын бастады. Бірнеше бағыт таңдалып алынды. Соның бірі Каспий арқылы Әзербайжан-Грузия бағытында мұнай тасымалдау болатын. 2022 жылы Қазақстан Грузия порттары арқылы 1,328 млн тонна мұнай тасымалдаған, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 10 есе көп. Баку-Супса порттары арқылы мұнай тасымалдау Ресей аумағы арқылы тасымалдаудан әлдеқайда қымбат, алайда саяси бопса тұрғысынан қауіпсіз. 2023 жылы Қазақстан Ресей аумағынан тыс мұнай тасымалдауды арттырмақ.  



Ұқсас тақырыптар