«Ауыл» тізімі: Президент бола алмағандар Мәжілістен үмітті

19 наурыз күні өтетін Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына елімізде ресми тіркелген саяси партиялар қызу дайындықты бастап кетті.


Қазірдің өзінде осыған дейінгі сайлауларда «байкотшылап» келген «ЖСДП» мен белсенділіктерін едел-жедел арттырған, сайлау жарияланғаннан сәл ғана бұрын ресми тіркеуден өткен су жаңа  «Республика» партиялары сайлауға қатысатындықтарын ресми мәлімдеді.

imgo_1605254793.png


Ал алдыңғы жылы «коммунистік партия» деген атауларын ауыстырып, «халықтық партия» атанған қызылдар партиясы мен Парламентте өздерін Алаш ізбасарлары деп атайтын «Ақ жол» партиясы, және осы сайлаудың қарсаңында ғана ресми тіркеуден өткен «Байтақ» жасылдар партиясы сиез өткізіп, Мәжіліс пен мәсихатқа ұсынатын өз үміткерлерінің тізімдерін жария етті.

Ал биліктегі доминант партия саналатын «Аманаттықтар» сиездерін 7 ақпанға белгілеген еді.


Бүгін ұзақ жылдар бойы Мәжілістен орын бұйырмай келе жатқан «Ауыл» партиясы да сиез өткізіп, Мәжіліске барады-ау деген 25 адамның тізімін жария етті.


Қарап отырсақ, «Ауылдың» атақты саясатшысы Жигули Дайрабаев бастапты, тізімді. Ақын, қоғам қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы мен тележүргізуші Анна Данченко да «Ауыл» тізімінен орын алыпты.

Ал партия лидері Әли Бектаев тізімде мүлде жоқ. Ал партия төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рақымбеков мажоритарлы жүйемен сайлануға бел буыпты.

«Ауылдықтар» ұсынған тізімінің көңіл бұрғызар, көз сүзгізер жері бұл да емес. «Ауыл» партиясы ұсынған тізімнің басты фавориттері – 2022 жылғы президенттік сайлаудың екі бірдей үміткері – Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден екен.


Былтырғы президенттік сайлауға Жигули Дайрабаев «Ауылдың» үміткері болып қатысса, Қарақат Әбден партия қатарына жуырда ғана қосылған. Президенттіктен үміткер болған екеуі былтыр  үшінші және төртінші орындарды қанағат тұтқан. Президент Тоқаев жеңімпаз атанса, екінші орынды «Барлығына қарсымын» графасы жеңген. Дайрабаев - 3,42%, Әбден - 2,60% дауыл алған.

«Ауыл» партиясы ұзын-ырғасы 25 адамды Мәжіліске, 600-дей адамды мәслихаттарға ұсыныпты.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар