«Жасылдардың» лидері өз партиясына сенбей ме?

Алда болатын Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауының қарсаңында ресми тіркеуден өтіп, сайлауға рұқсат алған екі партияның бірі - «Байтақ» жасылдар партиясы сиез өткізді. Мәжіліс пен мәслихатқа үміттілердің тізімін жариялады.

q1sxeq0o55vubnw660da_ojekn0svfv0amfajfpu7.jpg


БАҚ-тың жазуынша, «жасылдардың» сиезінде жанжал шыққан. «Азаттықтың» мәліметінше, сиезге қатысуға Атыраудан Марал Көшенов келген. Оның айтуынша, ол өңірлерде өткізілген іріктеу кезінде ұсынылған кандидаттар тізімінде болған.


Алайда, сиезге келген оны «тізімнен алып тастаған». Оның орнына Мәжілістің бұрынғы депутаты Ирак Елекеевтің ұлын қосқан.


«Бұл не деген масқара! Мен партияның атынан Мәжіліске барамын, Атырау экологиясының қордаланған мәселесін көтеремін деген үмітпен келдім. Мен кәсіпкер емеспін, Атыраудың қарапайым тұрғынымын. Атыраудың экологиялық жағдайы нашар. Бұл туралы аймақтың әрбір тұрғыны жақсы біледі. Егер мені тізімге енгізбесе, онда «Байтақ» құрамынан кетемін», - деп мәлімдеген Көшенов.

Фракция төрағасы: «Олар бұрын ұсынуы керек еді, бірақ Көшенов облыстық бюроға кірді, жағдай қаралады», - дегенді айтқан.


Ал партия жетекшісі Азаматхан Әміртайдың өзі Мәжіліске бір мандатты тізім бойынша қатысатынын мәлімдеген кезде, Алматы филиалының басшысы Бейбіт Апсенбетов залдан демонстративті түрде шығып кеткен.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар